«Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21302 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар: 1) ЭЦҚ болуы; 2) ЭЦҚ қойылған, оның ішінде ТТҚ АЖ жеке кабинеті арқылы ТТҚ АЖ-да таңбаланған темекі өнімдерін айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді қалыптастыру және беру БАК-тың болуы; 3) бұйрыққа сәйкес тіркелген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы; 4) көрсетілген қаражат болған жағдайда, бақылау-касса машинасымен қосылған темекі өнімдерінің сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құралдарының болуы; 5) әрбір өткізілген бірлік бойынша бақылау-касса техникасын пайдалана отырып, таңбаланған темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы мәліметтерді беру бойынша Азаматтық кодекстің 22, 23 және 24-тарауларына сәйкес фискалдық деректер операторымен жасалған шарттың болуы.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Таңбаланған темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған күннен бастап темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушылар: 1) темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігі туындаған күннен бастап ТТҚ АЖ-да өзін тіркеуді жүзеге асырады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|