«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 922 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережеде 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқарушы органнның құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік, бағалау қызметі саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Комитеттің республикалық мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық органдары бар, оларға: Комитеттің бақылауындағы және оған есеп беретін облыстар және Астана, Алматы мен Шымкент қалалары бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттері жатады.»; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|