Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Павлодар облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 438/6 Қаулысы (2019.20.11. берілген өзгерістермен)
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 317/8 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 10-бабы 15) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Павлодар облысының ашық деректер тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» № 16/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5042 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде «Сарыарқа Самалы» және «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған). 3. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін. 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев 2017 жылғы «29» желтоқсан
Павлодар облыстық әкімдігінің 2019.20.11. № 334/3 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|