ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.27.09. № ҚР ДСМ-128 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 11-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметтерді денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей өтініш берген кезде); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап - 30 (отыз) минуттан аспайды; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тікелей жүгінген кезде сол күні көрсетіледі. Бұл ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақытына 2 сағат қалғанға дейін берілуі қажет (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін). 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|