«Газли - Шымкент», «Бұхара газтасымалдаушы ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы» магистральдық газ құбырларының күзет аймағын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 21 мамырдағы № 139 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 118-бабына және 121-бабының 1, 2 және 4-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағы 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбырлар туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Күзет аймағы: 1)«Газли - Шымкент» магистральдық газ құбырының желілік бөлігіне жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, магистральдық газ құбыры осінің әрбір жағынан 50 метрден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде құбыр осінің әрбір жағынан 25 метрден осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес; 2) «Бұхара газтасымалдаушы ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы» магистральдық газ құбырының желілік бөлігіне жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, магистральдық газ құбыры осінің әрбір жағынан 50 метрден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде құбыр осінің әрбір жағынан 25 метрден осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес; 3) «Газли - Шымкент», «Бұхара газтасымалдаушы ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы» магистральдық газ құбырларының компрессорлық және газ тарату станцияларының, газды жерасты сақтау станцияларының, шығу жер учаскелеріне жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, аумақтарының шекараларынан барлық жағынан 100 метрден осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. «Газли - Шымкент», «Бұхара газтасымалдаушы ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы» магистральдық газ құбырларының қорғау аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|