«Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9957 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 59 (28537) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе бөлігі (кіріспесі) мынадай редакцияда жазылсын: «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|