Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық комитетін құру туралы (2021.16.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында әзірленетін стратегиялық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларының сапасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Министрліктің стратегиялық құжаттарын, нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу кезінде қызметті реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган – Министрліктің Стратегиялық комитеті құрылсын. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық комитеті туралы ереже бекітілсін. 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 67 бұйрығының күші жойылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № 495 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық комитетінің құрамы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|