Аққайың ауданы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Аққайың ауданы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққайың ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 11-1 шешімімен бекітілді
Аққайың ауданы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Осы Аққайың ауданы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - жоспар) Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жыл 28 сәуірде № 15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамыр № 11064 тіркелген), бұйрығына сәйкес әзірленді. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|