Алматы қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті, осы қаулының қосымшасына сәйкес, бекітілсін. 2. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» 2018 жылғы 31 мамырдағы № 2/280 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1488 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары І. Өсеровке жүктелсін. 5. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы 5 қарашадағы № 4/605 қаулысынақосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|