Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 2 тармағының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 22 ақпандағы № 14/01 қаулысына бекітілген қосымша
Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 10-3 бабының 2 тармағының 16) тармақшасына, «Коммуналдық қызметтердің тізбесін және коммуналдық қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығына (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 20542 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және коммуналдық қызметтерді көрсету мен ақы төлеу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жылумен жабдықтау – жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті өндіру, беру, бөлу және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет; 2) электрмен жабдықтау – электр энергиясын өндіру, беру және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|