Мемлекеттік органдардың интранет-порталында және басқа да ақпараттық көздерде орналастыру үшін ұсынылатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттар тізбесін бекіту туралы (2020.12.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 870 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиевтің мемлекеттік органдар арасында құжат айналымды қысқартуға қатысты 2018 жылғы 4 мамырдағы № 01-12/788//18-42-35.17-16 тапсырмасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың интранет-порталында және басқа да ақпараттық көздерде орналастыру үшін ұсынылатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Жауапты тұлғалар Тізбеде көрсетілген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік органдардың интранет-порталында және басқа да ақпараттық көздерде ақпаратты орналастырсын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2020.12.06. № 382 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жұртшылықпен байланыс департаменті осы бұйрықты мүдделі құрылымдық бөлімшелердің және лауазымдық тұлғалардың назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2020.12.06. № 382 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 550 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік органдардың интранет-порталында және басқа ақпарат көздерінде орналастыру үшін ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттар тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|