|
|
|
Қазақстан Республикасымен бекітілген және кәсіпкерлік қызмет аспектісінде адам құқықтарының әлеуметтік-экономикалық қағидаларына негізделген халықаралық-құқықтық ережелері қатынасындағы сұрақтар бойынша Алматы, 2013.
© Құқықтық саясатты зерттеу орталы, 2013
Қазақстан Республикасымен бекітілген және кәсіпкерлік қызмет аспектісінде адам құқықтарының әлеуметтік-экономикалық қағидаларына негізделген халықаралық-құқықтық ережелері қатынасындағы сұрақтар бойынша ЗАҢГЕРЛІК ҚОРЫТЫНДЫ[1]
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Заңгерлік қорытынды Маманмен 2012 жылдың 18 қыркүйегінде Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен (Тапсырыс беруші) берілген №01/2 Жұмыстық тапсырма (№01 Жұмыстық тапсырма) негізінде дайындалған. Осы Заңгерлік қорытынды мазмұнында адам құқықтарының әлеуметтік-экономикалық қағидалары сәйкестілігіне Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық актілердің құқықтық талдауы жасалынған. Осы қорытынды маманның жеке пікірі болып табылады, ол басқа тұлғалардың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін.
2. Бастапқы мәліметтер
Маманға ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Тапсырыс беруші құқықтық саясат саласында ғылыми-зерттеу, баспа және білім беру қызметтерін жүзеге асыру арқылы құқықтың ұлықтылығының және либералдық құндылықтардың қағидаларын дамытуда ат салысатын талдау жүргізетін ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасы (ары қарай - «ҚР») Экономикалық серіктестік және даму Ұйымының (ары қарай - «ЭСДҰ») төрт комитетінде (Инвестициялар бойынша комитет, Білім беру саласындағы саясат бойынша комитет, Ауыл шаруашылығы бойынша комитет және Өнеркәсіп, жаңартпалар және кәсіпкерлік бойынша комитет) тұрақты бақылаушы мәртебесін алуға ұмтылады, бұл мемлекеттің тиімді экономикалық саясатын дайындау және жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады. ЭСДҰ басым бағыттарының бірі кәсіпорындардың (әсіресе кен өндіру саласында) жауапты іс жүргізуі болып табылады. Сонымен қатар ЭСДҰ үйлесімділік, айқындылық және кемсітушіліктің жоқ болуы қағидаларын ұстануды ұсынады. Қазақстанға, ЭСДҰ пікірі бойынша, сот жүйесінің тәуелсіздікті деңгейін жоғарылату керек, мемлекеттік сатып алулар жүйесінің ашықтығын арттыру керек, кәсіпкерлік қызмет саласында адам құқықтарын қорғау сұрағына басты назар аудару керек. Кез келген экономикалық саясат, соның ішінде дағдарысқа қарсы саясат мемлекет ішінде қаржыны үйлестірумен байанысты үлкен зардаптарға әкеледі және, сәйкесінше, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бұзылуына себепші болуы мүмкін. Белгілі болғандай, бұрынғы экономикалық дағдарыстар қоғамның ең аз қорғалған топтарында айрықша ауыр әсер етті және олардың табиғи құқықтарының бұзылуына алып келді. Жалғасып жатқан қаржы дағдарысы және экономикалық құлдырау экономиканың басқарылуын жетілдіруге, номативтік құқықтық актілердің кемшіліктерін жоюға және орын алған жағдайдан шығу үшін іс-шараларды анықтауға әрекет жасап жатқан мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің алаңдаушылығын тудыратын басты мәселелер болып табылады. Пайдалы ғаламдық экономиканы қалпына келтіру мемлекетке қаржы нарықтарын реттеуші рөлін қайтаруды талап етеді. Осыған толықтыру ретінде ғаламдық экономикалық дағдарыспен байланысты сыртқы әсерлердің жағымсыз әсері үкіметке оған тиесілі ұлттық және ғаламдық деңгейдегі ұжымдық әрекеттердің ұйымдастырушы рөлін қайтару арқылы жойылуы мүмкін.[2] Әлеуметтік әділетсіздік ең алдымен үкіметтің әлеуметтік және экономикалық құқықтар шектеулерін анықтау кезінде сәйкес негізгі құқықтарды сақтау талаптарынан өзге, бәрінен бұрын - надандық, сонымен бірге жеке бас, топтық, таптық және т.б. мүдделер секілді өзге факторлардың араласатын, құқықтардың осы түрлері және негізгі құқықтармен жанама қорғалатын арасында орын алған, байланысты ескермеуі жағдайында туады. Немесе, мысалы, салық заңдары, азаматтық кодекс және өзге актілер немесе барынша тар қамтылған заңдар секілді әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастардың орнатылуы және қызмет етуін анықтаушы заңдар құқықтардың осы түрі және жанама қорғалатын негізгі құқықтар арасындағы ішкі байланысты ескерместен қолданылады, яғни оларды аталмыш елдегі қолданыстағы шарттарда осы құқықтар үшін болжанған салдарларды ескерместен айқындалады.[3] Кәсіпкерлік қызмет өндірістік факторларды тауарларға немесе қызметтерге түрлендіру арқасында көптеген мүмкіндіктерді ұсынады, бұл экономикалық дамуға септігін тигізеді. Алайда кәсіпкерлікті ынталандыратын құрылымдар жиі адам құқықтарын жүзеге асыруға зиян келтіретін шешімдерге алып келеді. Осыған байланысты өзінің 17/4 шешімінде Адам құқықтары жөніндегі Кеңес Адам құқықтары көрінісіндегі кәсіпкерлік қызметтің жетекші қағидаларын мақұлдады. Бүгінде Жетекші қағидалар кәсіпкерлік қызметтің адам құқықтарына бағытталған теріс ықпалдардың алдын алуы және оларға жол бермеуге бағытталған көпшілік мойындаған нормаға айналды. 2005 ж. Адам құқықтары жөніндегі Комитеттің өтініші бойынша Бас хатшы проф. Джон Руггиді (John Ruggie) адам құқықтарына қатысты кәсіпорынның жауапкершілігі мен есептілігінің стандарттарын анықтау және түсіндіру және осы байланыста мемлекет рөлі туралы сұрақты талқылау мандатын бере отырып, өзінің Адам құқықтары туралы және ұлт аралық компаниялар мен басқа кәсіпорындар туралы сұрақтар бойынша Арнайы өкілі ретінде тағайындады. Мазмұндалған жағдайларды басты назарға ала отырып, Тапсырыс беруші Маман алдына халықаралық-құқықтық ережелердің ұлттық заңнамасы (Халықаралық еңбек Ұйымының (ары қарай - «ХЕҰ») Декларациялары, Келісімдері, Конвенциялары) нормаларына және Джон Руггидің Баяндамасында (21 наурыз 2011 ж.) айтылған кәсіпкерлік қызметтің басшылыққа алынатын қағидаларына (ары қарай - «Ругги Қағидалары») сәйкес заңгерлік талдау жасау міндетін қойды.
3. Ұсынылған құжаттар
Заңгерлік қорытынды дайындау үшін Маманға келесі құжаттар (көшірмелер) ұсынылды: Адам құқықтары туралы және ұлт аралық компаниялар мен басқа кәсіпорындар туралы сұрақтар жөніндегі Бас Хатшының Арнайы өкілі Джон Руггидің баяндамасы (21 наурыз 2011 ж.).
4. Қазақстан Республикасының қолданылған нормативтік құқықтық актілер
Заңгерлік қорытындыны дайындау үшін Маман келесі халықаралық-құқықтық актілерді қолданды: 1)Адам құқықтарының жаппай декларациясы (1948 жылдың 10 желтоқсанында Бас Ассамблеяның 217 А (ІІІ) келісімімен қабылданған және жарияланған) (Декларация); 2)Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 28 қарашасындағы №91-ІІІ «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық келісімді бекіту туралы» ҚРЗ бекітілген, 1966 жылдың 16 желтоқсанындағы азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық келісім (Азаматтық құқықтар туралы келісім); 3)Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 21 қарашасындағы №87-ІІІ «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық келісімді бекіту туралы» ҚРЗ бекітілген, 1966 жылдың 16 желтоқсанындағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық келісім (Экономикалық құқықтар туралы келісім); 4)1998 жылдың 18 маусымындағы еңбек саласындағы негізге алынатын қағидалар мен құқықтар туралы ХЕҰ Декларациясы (ХЕҰ негізге алынатын қағидалар туралы Декларация); 5)Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 14 желтоқанындағы №120-ІІ «Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы Конвенцияны бекіту туралы» Заңымен бекітілген, ХЕҰ 1930 жылдың 28 маусымындағы мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы Конценциясы(ХЕҰ №29Конвенциясы); 6)Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 30 желтоқсанындағы №29-ІІ «Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы 1948 жылғы Конвенцияның Қазақстан Республикасымен бекіту туралы» Заңымен бекітілген 1948 жылдың 9 шілдесіндегі бірлестіктер бостандығы және кәсіподақтарға бірігу құқықтарын қорғау туралы ХЕҚ №87 Конвенциясы (ХЕҰ №87 Конвенциясы); 7)Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 14 желтоқсанындағы «Ұжымдық келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу құқығы қағидаларын қолдану туралы Конвенцияны бекіту туралы» Заңымен бекітілген 1949 жылдың 1 шілдесіндегі кәсіподақтарға бірігу және ұжымдық келіссөздерді жүргізу құқығы қағидаларын қолдану туралы ХЕҰ №98 Конвенциясы (ХЕҰ №98 Конвенциясы); 8)Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 14 желтоқсанындағы №115-ІІ «Құндылығы бірдей еңбек үшін еркектер мен әйелдерге бірдей сыйақы беру туралы Конвенцияны бекіту туралы» Заңымен бекітілген, 1951 жылдың 6 маусымындағы ХЕҰ №100 құндылығы бірдей еңбек үшін еркектер мен әйелдерге бірдей сыйақы беру туралы Конвенциясы (ХЕҰ №100 Конвенциясы); 9)Қазақстан Республикасы 2000 жылдың 14 желтоқсанындағы №117-ІІ «Мәжбүрлі еңбекті жою туралы Конвенцияны бекіту туралы» Заңымен бекітілген, 1957 жылдың 25 маусымындағы ХЕҚ №105 мәжбүрлі еңбекті жою туралы Конвенциясы (ХЕҰ №105 Конвенциясы); 10)Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 20 шілдесіндегі «Еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы 1958 жылғы Конвенцияның Қазақстан Республикасымен бекітілуі туралы» Заңымен бекітілген, 1958 жылдың 25 маусымындағы еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы ХЕҰ №111 Конвенциясы (ХЕҰ №111 Конвенциясы); 11)Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 14 желтоқсанындағы №116-ІІ «Жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы туралы Конвенцияны бекіту туралы» Заңымен бекітілген, 1973 жылдың 26 маусымындағы ХЕҰ №138 жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы туралы Конвенциясы (ХЕҰ №138 Конвенциясы); 12)Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 26 желтоқсанындағы №367-ІІ «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы Конвенцияны бекіту туралы» Заңымен бекітілген, 1999 жылдың 17 маусымындағы ХЕҰ №182 балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы Конвенциясы (ХЕҰ №182 Конвенциясы); 13)Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық келісім ережелерінен ауытқулар мен шектеулерді түсіндірудің Сиракуздыққағидалары. БҰҰ Құжаты E/CN.4/1985/4, Қосымша (1985) (Сиракуздық қағидалар). Заңгерлік қорытындыны дайындау үшін Маман Қазақстан Республикасының келесі нормативтік құқықтық актілерін қолданды: 1) Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституциясы, өзгерістер мен толықтырулармен бірге (ҚР Конституциясы); 2)Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 15 мамырындағы №251-ІІІ Еңбек Кодексі, өзгерістер мен толықтырулармен бірге (ҚР ЕК); 3)Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдесіндегі №411-І Азаматтық-процессуалдық кодексі, өзгерістер мен толықтырулармен бірге (АПК); 4)Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 7 ақпанындағы №30-ІІІ «Еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде жұмыскерді бақытсыз жағдайдан міндетті сақтандыру туралы» Заңы, өзгертулер мен толықтырулармен бірге (Жұмыскерді бақытсыз жағдайдан міндетті сақтандыру туралы Заң); 5)Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 шілдесіндегі №167-І Қылмыстық Кодексі (ҚР ҚК); 6)Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 9 сәуіріндегі №2107-ХІІ «Кәсіподақтар туралы» Заңы (2009 жылдың 29 сәуіріндегі жағдайы бойынша өзгерістерімен бірге) (Кәсіподақтар туралы Заң).
II. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ КӨРІНІСІНДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ, ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖӘНЕ БАСШЫЛЫҚҚА АЛЫНАТЫН ҚАҒИДАЛАРДЫҢ ҚАТЫНАСЫ
Осы заңгерлік қорытындының ІІ бөлім мазмұнында ҚР өзіне қабылдаған халықаралық-құқықтық міндеттердің, сонымен бірге адам құқықтары көрінісінде кәсіпкерлік қызметінің басшылыққа алынатын қағидаларының ұлттық заңнамаға сәйкестілігіне аналитикалық зерттеу баяндалған.
1. Жалпы ережелер
Халықаралық-құқықтық актілерді бекіте отырып, Қазақстан Республикасы заңнамалық іс-шараларды қабылдай отырып, осы құжаттардағы мойындалатын құқықтарды барлық тиісті тәсілдермен жүзеге асыру бойынша міндеттерді өз мойнына алады. Қорытындының осы бөлімінде ҚР НҚА ережелері және Джон Руггидің Баяндамасы мен адамның әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қадағалау және қорғауға арналғандарда қозғалған халықаралық актілердің салыстырмалы талдауы келтірілетін болады. Зерттеу негізінде Маман ҚР бекітілген қандай халықаралық ережелердің Ругги қағидаларымен тікелей байланысты екендігін айқындауға, сонымен бірге ҚР қабылданған қазақстандық заңнама нормаларының халықаралық міндеттерге қаншалықты сәйкес келетіндігін түсінуге ұмтылыс жасайды.
2. Ругги қағидаларын жүзеге асыру мәнмәтінінде халықаралық құқық және ҚР заңнамасы ережелерінің өзара байланысы
Бұл тарауда адам құқықтарын қозғайтын және Ругги қағидаларымен тікелей өзара байланысты халықаралық-құқықтық ережелер қарастырылатын болады.
2.1. Ругги қағидаларымен тікелей байланысты және мемлекет пен кәсіпорындардың адам құқықтарын қадағалауына бағытталған, адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларацияларының ережелері
Декларацияның 2-бабына сәйкес әрбір адам нәсілі, тері түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге сенімдері, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік, тайпалық немесе өзге жағдайы қатынасында болмасын, ешқандай бөліп-жарусыз, Декларациямен бекітілген барлық құқықтар мен барлық бостандықтарға ие болуы тиіс. Осыған қоса, төмендегі аумақтың тәуелсіз, қол астындағы, өздігімен басқарылмайтын немесе өз егемендігінде қандай бір шектеулі болып табылатындығына қарамастан, адам тиісті ел немесе аймақтың саяси, құқықтық немесе халықаралық мәртебесі негізінде ешқандай өзгешіліктер болмаулары қажет. Заң алдында барлық адамдар бірдей және ешқандай ерекшеліктерсіз заңмен тең қорғалу құқығына ие. Барлық адамдар Декларацияны бұзатын қандай да бір кемсітушіліксіз және мұндай кемсітушілікке қандай да бір азғырушылық болмасын, тең қорғаныс ала алатын құқықтарға ие (Декларацияның 7-бабы). Декларацияның 8-бабына сәйкес әрбір адам өзіне конституциямен немесе заңмен ұсынылған негізгі құқықтары бұзылған жағдайларда құзіретті ұлттық соттармен құқықтарының тиімді қалпына келтіруге құқылы. Декларацияның 20-бабына сәйкес әрбір адам бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бостандығына құқылы. Әрбір адам еңбекке, жұмыстың еркін түрін таңдауға, еңбектің әділетті және жайлы шарттарына және жұмыссыздықтан қорғануға құқылы. Әрбір адам қандай да бір кемсітушіліксіз еңбегіне тең төлем алуға құқылы. Әрбір жұмыс жасаушы өзі және өзінің отбасының лайықты өмір сүруі үшін және қосымша, қажеттілігіне қарай, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге құралдарымен қамтамасыз ететін әділетті және қанағаттанарлық сыйақы алуға құқылы. Әрбір адам кәсіподақтар құруға және өз мүдделерін қорғау үшін кәсіподақтар құрамына кіруге құқылы (Декларацияның 23-бабы). Декларацияның 24-бабы әрбір адамға жұмыс уақытының саналы шектелуіне және төленетін мерзімді демалысқа берілетін құқықты қоса алғанда, демалыс пен бос уақытқа құқылы.
Декларацияның осы ережелері ҚР Конституциясында келтірілген. Осылайша, ҚР Конституциясының 13-бабы, 2-тармағына сәйкес әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғауға құқылы. Заң және сот алдында барлығы бірдей. Ешкім шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге деген қатынасы, сенімдері, тұрғылықты орны немесе кез-келген өзге жағдайлардың себептері бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшырамауы тиіс (ҚР Конституциясының 14-бабы). Кез-келген еңбек бостандығына, кәсіп пен қызметтің түрін еркін таңдауға құқылы. Еріксіз еңбек етуге тек сот үкімі бойынша ғана не төтенше немесе әскери жағдай шарттарында ғана рұқсат етіледі. Кез-келген қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек шарттарына, қандай да бір кемсітушіліктерсіз еңбекке сыйақы алуға, сонымен бірге жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқылы. Кез-келген демалуға құқылы. Жұмыс жасаушыларға еңбек шарты бойынша заңмен бекітілген жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс және мерекелік күндер, жыл сайынғы төленетін демалысқа кепілдік беріледі (ҚР Конституциясының 24-бабы). Жұмыс берушінің негізгі міндетіне жұмысшыға жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы ұсынылуы кіреді (ҚР ЕК 23-б., 15 тармақшасы). Конституцияның 32-бабына сәйкес ҚР азаматтары бейбіт және қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингтер және шерулер өткізуге, пикетке шығуға құқылы. Бұл құқықтың қолдануы мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулықты сақтау, өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерінде заңмен шектелуі мүмкін. Осылайша, ҚР Конституциясы және Декларация ережелерін салыстыру конституциялық нормалардың Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына негізделеді делінген пікірмен келісуге мүмкіндік береді.[4]
2.2. Мемлекет пен кәсіпорындардың адам құқығын қадағалауға міндеттейтін азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық келісім ережелері
Азаматтық құқықтар туралы Келісімнің 2-бабы, 3-тармағына сәйкес мемлекет Келісіміне қатысушы кез-келген міндетті: (a) құқықтары мен бостандықтары осы Келісім бойынша бұзылған деп мойындалған кез-келген тұлғаға, тіпті осы бұзушылық ресми түрде әрекет еткен тұлғалармен орын алған болса да, құқықтық қорғаудың тиімді құралын қамтамасыз ету; (b) мұндай қорғанысты талап ететін, кез-келген тұлғаға арналған құқықтық қорғанысқа берілетін құқық мемлекеттің құқықтық жүйесімен қарастырылған сот, әкімшілік немесе заңнамалық биліктегілермен немесе кез-келген өзге құзіретті органмен орнатылуын және сот қорғанысы мүмкіндіктерінің дамытылуын қамтамасыз ету; (c) құқықтық қорғаныс құралдарының ұсынылған кезде құзіретті билік өкілдерімен қолданылуын қамтамасыз ету. Азаматтық құқықтар туралы Келісімнің 8-бабы, 3-тармағына сәйкес ешкім мәжбүрлі немесе міндетті еңбекке зорланбауы тиіс.[5] Әркімнің бейбіт жиналыс жасауға құқығы бар. Бұл құқықтың қолданылуында, заңға сәйкес жүктелетіндер және мемлекет немесе қоғам қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен құлықтылығын қорғау немесе өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерінде демократиялық қоғамда қажеттіден өзге ешқандай шектеулер болмайды (Азаматтық құқықтар туралы Келісімнің 21-бабы). Азаматтық құқықтар туралы Келісімнің 22-бабына сәйкес әрбір адам өзгелермен бірге ассоциациялар бостандығына, кәсіподақтар құру құқығына және осындайларға өз мүдделерін қорғау үшін кіруге құқылы. Бұл құқықтың қолданылуында, заңмен қарастырылғандар және мемлекет немесе қоғам қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен құлықтылығын қорғау немесе өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерінде демократиялық қоғамда қажеттіден өзге ешқандай шектеулер болмайды. Бұл ереже қарулы күштер және полиция құрамына кіретін тұлғалар үшін осы құқықтың қолданылуына заңды шектеу енгізілуіне кедергі келтірмейді. Азаматтық құқықтар туралы Келісімнің 22-бабы, 3-тармағына сәйкес ХЕҰ 1948 жылғы «Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы 1948 жылғы Конвенцияға қатысатын мемлекет осы Конвенциямен қарастырылатын кепілдіктерге нұқсан келтіретін заңнамалық актілерді қабылдауға немесе осы кепілдіктерге нұсқан келтіретіндей етіп, заң қабылдауға құқылы емес. Азаматтық құқықтар туралы Келісімнің 26-бабына сәйкес барлық адам заң алдында бірдей және ешқандай кемсітушіліксіз заңның бәріне бірдей қорғанысына құқылы. Кемсітушіліктің әрбір түрі заңмен тыйым салынуы тиіс және заң барлық тұлғаларға нәсілі, тері түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге сенімдері, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы немесе өзге жағдайы қатынасында болмасын, қандай да бір кемсітушілікке қатысты тең және тиімді қорғанысқа кепілдік беруі тиіс. Азаматтық құқықтар туралы Келісімнің көптеген ережелері адамның жеке еңбек құқықтарын реттейтін адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және ХЕҰ арнайы конвенцияларының ережелеріне ұқсас. Қазақстан азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы негізге алынатын халықаралық келісімдерге қосылады. Бүгінгі таңда сот қорғанысына кез-келгеннің құқығын толыққанды жүзеге асыру үшін көптеген дүниелер жасалынды. Елде экономикалық, әкімшілік және ювенальды соттар қызмет етуде, қылмыстық сот ісін жүргізу заңмен қарастырылған жағдайларда қорғаушы мәслихатшылардың қатысуымен жүзеге асырылады. Тұтқындау ықпал шарасын қолдану құқығы соттарға берілген. Елде өлім жазасына мораторий жарияланған. Адам құқықтары жөніндегі сұрақтарға Өкілетті лауазымында бекіту адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің институциялық кепілдіктерін нығайтты. Алайда, құқықтық қолдану тәжірибесі көрсеткендей, соттардың тиімділігін бұдан әрі жетілдіру және сот жүйесіне артылатын сенімді жоғарылату қажет..
2.3. Мемлекет пен кәсіпорындарды адам құқықтарын қадағалауға міндеттейтін, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық келісімнің Ережелері
Экономикалық құқықтар туралы Келісімнің 2-бабына сәйкес осы Келісімге қатысушы мемлекет Келісімде жарияланған құқықтардың нәсілі, тері түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге сенімдері, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы немесе өзге жағдайы қатынасында болмасын, қандай да бір кемсітушіліксіз жүзеге асырылатындығына кепілдік беруге міндеттеледі. Экономикалық құқықтар туралы Келісімнің 6-бабына сәйкес оған қатысушы мемлекет өзі еркін таңдайтын немесе еркін келісетін еңбекпен өз өмірі үшін табыс табу мүмкіндігін алуға әрбір адамның құқығынан тұратын, еңбекке берілетін құқықты мойындайды және осы құқықтың қамтамасыз етілуіне тиісті шаралар қабылдайды. Осы Келісімге қатысушы мемлекеттермен қабылдануы тиіс шаралар аталмыш құқықтың толық жүзеге асырылуы мақсаттарында кәсіби-техникалық білім беру бағдарламаларынан және адамның негізгі саяси және экономикалық бостандықтарына кепілдік беретін шарттарда үздіксіз экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму және толық өнімді жұмыспен қамтылуға қол жеткізуге дайындау, жолдары және әдістерінен тұрады.[6] Экономикалық құқықтар туралы Келісімге қатысушы мемлекеттер төмендегілерді қоса алғанда, кез-келген үшін еңбектің әділетті және жайлы шарттарын құқықты мойындауға міндеттеледі: a) кем дегенде, барлық еңбек етушілерді қамтамасыз ететін сыйақы: (i) қандай да бір айырмашылықтарға қарамастан тең құндылығы бар еңбек үшін әділетті жалақыға және тең сыйақыға (әйелдерге еркектер қолданатынан кем емес еңбек шарттары тең еңбекке тең төлеммен бірге кепілдік берілуі тиіс); (ii) өздері және олардың отбасылары үшін қанағаттанарлық өмір сүруі;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |