Балалармен жасөспірімдер арасында суицид фактілерін және суицидке әрекет етуді болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы (2022.14.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен өткен балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу мәселелері жөніндегі кеңестің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 21-05/05-2827 хаттамасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда балалар мен жасөспірімдер арасында суицид фактілерін және суицидке әрекет етуді болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - ведомствоаралық жұмыс тобы) құрылсын. ҚР Білім және ғылым министрінің 2022.14.02. № 46 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ведомствоаралық жұмыс тобының қызметін тоқсанына кемінде бір реттен сиретпей қамтамасыз етсін. 3. Ведомствоаралық жұмыс тобы: 1) 2021 жылғы 5 тамызға дейінгі мерзімде балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқындағы жүйелі проблемаларға егжей-тегжейлі талдау жүргізсін; 2) 2021 жылғы 25 тамызға дейінгі мерзім халықаралық тәжірибені ескере отырып, балалар мен жасөспірімдер арасында суицид фактілерінің және суицидке әрекет етудің алдын алу жөнінде шаралар кешенін әзірлесін және тиісті іс-қимыл жоспарын қабылдасын; 3) 2021 жылғы 25 тамызға дейінгі мерзімде үздік өңірлік тәжірибені зерделесін және қорытындыласын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|