Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын беру туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 67-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жер комиссиясының 2021 жылғы 23 тамыздағы № 6 хаттамасы және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № KZ52VBG00906538, № KZ20VBG00906532 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне 10 жыл мерзімге орман қорының жерін қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельское, Қызылжар және Березов ауылдық окрутерінің аумағында Соколов топтық су құбырының магистральдық құбыр жолының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жалпы ауданы 13,9 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|