Қазақстан Республикасының (2023.03.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы 3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері 2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті 5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті 5-3-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті 6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті 7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету 8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия 9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі 9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу 10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы 11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері 13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы 14-бап. Білім беру бағдарламалары 15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары 18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары 20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары 21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары 22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары 23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары 25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары 5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру 29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру 30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру 32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру 33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру 36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет 38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы 6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы 42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату 43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті 44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару 45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі 45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік 46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер 47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі 48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау 49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері 53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер 8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары 55-бап. Білім беру сапасын басқару 56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары 57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау 59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау 60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері 9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері 62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру 63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы 64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту 10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет 66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру 11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ 67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне» деген сөздер «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне» деген сөздермен ауыстырылды, «Оқу және тәрбие процесін», «оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесін», «Оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесінің» деген сөздер тиісінше «Оқу-тәрбие процесін», «оқу-тәрбие процесі», «оқу-тәрбие процесін», «Оқу-тәрбие процесі», «оқу-тәрбие процесінің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның)» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдың, ауылдық», «ауылдың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жоғары оқу орындарында», «жоғары оқу орындарының», «Жоғары оқу орындарында», «Жоғары оқу орындарындағы», «жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орындарына», «жоғары оқу орындарын», «Жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орнының», «Жоғары оқу орнының ерекше», «жоғары оқу орнын», «Жоғары оқу орындарының», «жоғары оқу орны», «жоғары оқу орнына» деген сөздер тиісінше «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ерекше», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «педагог кадрлардың», «педагог қызметкердің», «педагог жұмыскерге», «педагог кадрларды», «педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар», «педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары», «педагог қызметкерлердің», «педагог жұмыскерлердің», «педагог жұмыскерлерді», «педагог жұмыскерлер», «педагог қызметкерлерден», «педагог қызметкерлер» деген сөздер тиісінше «педагогтердің», «педагогтің», «педагогке», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтері», «педагогтердің», «педагогтердің», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтерден», «педагогтер» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мүгедектер», «мүгедек балалар», «мүгедектердің», «мүгедек балалардың», «мүгедек-балалар», «мүгедек балаларды», «мүгедектерді», «мүгедек», «мүгедектерге» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар балалардың», «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар балаларды», «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) академия - белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-1), 2-2), 2-3) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша жаңа редакцияда 2-1) академиялық кредит - білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-2) академиялық ұтқырлық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-3) аккредиттеу органы - өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды 2-4) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) - аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары; 3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) әдістемелік кабинет - білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагогтердің шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-2) әскери, арнаулы оқу орындары - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) бакалавр - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) бакалавриат -тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары; 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг); 5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-1) бейіндік мектеп - жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны; 6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) бейіні бойынша доктор - Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда 7) «Болашақ» халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылды 7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі - білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-2) тармақша өзгертілді 7-2) біліктілікті арттыру институты - үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 7-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-3) біліктілікті беру - тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, машықтар мен дағдылар жиынтығын растау рәсімі; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-4) тармақша жаңа редакцияда 7-4) білім алу үшін арнаулы жағдайлар - ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) білім беру - имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды 9-2) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді 10) білім беру гранты - «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры - орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есепке жатқызу және жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 10-2) білім беру кредиті - қаржылық ұйымдар оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен беретін ақша; 11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) 12-1) білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция - дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, тапсырыс берушінің функциялары берілген, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобада көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін жүзеге асыратын заңды тұлға; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 13-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға; 14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы; 15) 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу - білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі; 17) 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 17-1) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды 17-2) білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша жаңа редакцияда 18) гимназия - білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 18-1), 18-2), 18-3) және 18-4) тармақшалармен толықтырылды 18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс - ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі; 18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы - ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер; 18-3) докторант - докторантурада білім алатын адам; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 18-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері 2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті5-3-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу 3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы14-бап. Білім беру бағдарламалары15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары24-бап. Алып тасталды25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары 5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар27-бап. Білім алу нысандары28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру32-1-бап. Кәсіптік даярлық33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру34-бап. Алып тасталды35-бап. Жоғары білім беру36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру37-бап. Қосымша білім беру37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет37-2-бап. Қашықтан оқыту38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы39-бап. Білім туралы құжаттар 6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ40-бап. Білім беру ұйымдары40-1-бап. Алып тасталды41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті43-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі және құзыреті44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау48-1-бап. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері 7-тарау. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ПЕДАГОГТІҢ МӘРТЕБЕСІ50-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі51-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі52-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер 8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары55-бап. Білім беру сапасын басқару56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама58-бап. Алып тасталды59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері 9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту64-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының міндеттемелері бойынша мемлекеттің жауаптылығы 10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру 11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |