Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлектік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін. 2. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы 64/8-VI «Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8339 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Өскемен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 19/4-VII мәслихат шешіміне қосымша
Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|