Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы (2022.18.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 40 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.20.09. № 93 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 74-5-бабының 7-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 40 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің (бұдан әрі - таратылатын банк), қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі - қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) тарату комиссиялары беретін есептердің және қосымша ақпараттың мынадай нысандары бекітілсін: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің балансының нысаны; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің баланстан тыс шоттары бойынша есептің нысаны; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес таратылатын банк активтерінің жай-күйі туралы есептің нысаны; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес таратылатын банк міндеттемелерінің жай-күйі туралы есептің нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|