Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы (2018.13.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар 8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл 3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты 10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі 13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы 14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату 16-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері 17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары 4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары 19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi 20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту және көбейту 20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер 21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртiбi 5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау 22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау 23-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындаудың ерекше шарттары 24-бап. Сақтандырушының жауаптылық шектері 25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары 26-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi 27-бап. Бiрнеше тұлға зиян келтiрген кездегi сақтандыру төлемi 28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы 29-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздерi 30-бап. Дауларды қараудың тәртібі 30-1-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі және оны сайлау 30-2-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар 30-3-бап. Сақтандыру омбудсманының шешім қабылдау тәртібі 30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі 32-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың халықаралық жүйелері
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілді); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) «бонус-малус» жүйесi - көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеген кезде осы жүйе бойынша тиiстi сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кiнәсiнен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай оған арттыратын немесе төмендететiн коэффициенттердi қолдану арқылы пайдаланылатын жеңiлдiктер мен үстемеақылар жүйесi; 3) жәбiрленушi - көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген, оны өтеу жөніндегі мiндет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген тұлға; 4) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға; 5) кешендi шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты; 5-1) тәуелсіз сарапшы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген, бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; 6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi; 7) көлiк құралын пайдалану - көлiк құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға iргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану; 7-1) тікелей реттеу - көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемін жүзеге асыру тетігі; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) көлiк құралының иесi - көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға; 9) көлiк оқиғасы - көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға, сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян; 10) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 11) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға; 12) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 13) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 14) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 15) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға; 16) сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға; 17) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады; 18) стандартты шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 19) тiкелей реттеу - көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы осы Заңда көзделген жауапкершілік көлемі шегінде өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру жағдайын реттеу тетiгi.
2-бап. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады. 4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін міндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi 1. Көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады. 2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: жәбiрленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қорғауды қамтамасыз ету; көлiк құралын оның иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегі сақтандыру полисi болған кезде пайдалану; тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету; көлiк құралдары иелерінiң жол жүрiсi қауiпсіздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделілігi болып табылады. 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мынадай көлiк құралдары: 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдері, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк пен олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар; 2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) көлiк құралы; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз бетінше жүргізіліп әкелінетін, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі көлік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруіне немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты тіркеуден шығарған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады. 2. Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды. 3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты, басқа мемлекетте тiркелген, иесi осы мемлекет пен Қазақстан Республикасының арасында жасалған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын көлiк құралдары иелерi жауапкершiлiгінiң сақтандыру шартын жасаған көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына енген жағдайда жасалмайды. 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспайды. 5. Өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруына орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт жасасу негiзiнде не мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатпайды.
2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
6-бап. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу және жол жүрісі қағидаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
7-бап. Көлік құралын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз пайдалануға жол бермеу 1. Иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Көлiк құралын басқаратын адам көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисiн өзiмен бiрге алып жүруге және оны Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес уәкiлеттік берілген жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне және көліктік бақылау органдарының лауазымды адамдарына тексеру үшiн көрсетуге мiндеттi. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде көлiк құралын басқаратын адамнан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисiн көрсетуді талап етуге мiндеттi.
8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға: 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен қатысу шартын жасасуға; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) осы Заңда және өкілдер кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының ішкі ережелерінде айқындалған тәртіппен және жағдайда өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті. 3) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын жариялауға міндетті. 3. Бәсекелестiктi шектеуге немесе болғызбауға, бiр сақтандырушыға екiншi сақтандырушының алдында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөнiнде негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi. 4. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-1. 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-2-бап. 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-3-бап. 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл 1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкiлдерiне, сондай-ақ сұрау салуы бойынша сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру омбудсманына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлiк оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрiсi қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн бередi. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. ішкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көлiк оқиғасы және оның салдары туралы қолдағы ақпаратты сақтандырушы, сақтандыру омбудсманы және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры өтiнiш жасаған кезде оларға осы ақпаратты жазбаша нысанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, мөрмен куәландырып, тегiн беруге мiндеттi. 3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнің көлік оқиғасының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыға осы көлiк оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады.
3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі 1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келісім-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. 3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi. Сақтандырушының сақтанушыға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін міндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар 2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету6-бап. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау7-бап. Көлік құралын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз пайдалануға жол бермеу8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi8-1-бап. Алып тасталды8-2-бап. Алып тасталды8-3-бап. Алып тасталды9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл 3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі11-бап. Стандартты шарт12-бап. Кешендi шарт13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату15-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату16-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары18-1-бап. Алып тасталды 4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту және көбейту20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртiбi 5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың іс-әрекеттері23-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындаудың ерекше шарттары24-бап. Сақтандырушының жауаптылық шектері25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары26-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi26-1-бап. Тікелей реттеу27-бап. Бiрнеше тұлға зиян келтiрген кездегi сақтандыру төлемi28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы29-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздерi 6-тарау. Қорытынды ережелер30-бап. Дауларды қараудың тәртібі30-1-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі және оны сайлау30-2-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар30-3-бап. Сақтандыру омбудсманының шешім қабылдау тәртібі30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі31-бап. Қазақстан Республикасының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық32-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың халықаралық жүйелері |