Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2020 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2020.29.06. № 351-VI Заңын қараңыз (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) босқын - нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам; 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) босқын куәлігі - босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат; 3) жол жүру құжаты - босқын мәртебесі берілген адамға Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары жерлерде жүріп-тұруы үшін берілетін құжат; 4) қауіпсіз үшінші ел - пана іздеген адам Қазақстан Республикасына келгенге дейін уақытша болған және оған қорғану мен босқын мәртебесін анықтаудың тиімді тетіктеріне қол жеткізу мүмкін болатын немесе қол жеткізу жағдайы жасалған ел; 5) пана - пана іздеген адамдарға босқын мәртебесін беру жолымен Қазақстан Республикасының аумағында қорғау ұсынылуы; 6) пана іздеген адам - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға тілек білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 7) пана іздеген адамның куәлігі - босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, уәкілетті орган беретін құжат; 8) уәкілетті орган - босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 9) шыққан елі - шетелдіктің өзі азаматы болып табылатын елі немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын елі.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 2. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында саяси пана берумен байланысты қатынастарға, сондай-ақ өзі азаматы болып табылатын елден немесе тұрақты тұратын елінен экономикалық себептерге байланысты кеткен адамдарға қолданылмайды.
3-бап. Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
4-бап. Босқындар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері: Мыналар: 1) пана іздеген адамдарды және босқындарды осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес пана алу құқығымен қамтамасыз ету; 2) босқын мәртебесін беру жөніндегі рәсімдерді жүргізу кезінде әлеуметтік тегіне, нәсіліне, ұлтына, азаматтығына, діни сеніміне және саяси нанымына байланысты кемсітушілікке жол бермеу; 3) пана іздеген адамдар мен босқындардың жеке өмірі туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау; 4) пана іздеген адамдардың және босқындардың ажырап қалған отбасыларының қосылуына жәрдемдесу; 5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында жүрген босқын балалардың құқықтарын қорғау; 6) осы Заңның 18-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде пана іздеген адамдарды және босқындарды елден шығарып жіберуге жол бермеу босқындар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 3) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату тәртібін айқындайды; 4) пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде уақытша қоныстандыру пункттерін айқындайды және осы мәселелер бойынша шешім қабылдайды; 4-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) босқындар мәселелері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады; 3) босқындар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың тәртібін, пана iздеген адам куәлiгiнің үлгiлерiн бекiтедi; 8) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі; 9) пана іздеген адамның куәлігін береді; 10) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады; 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) жол жүру құжатының үлгісін бекітеді, босқын куәлігі мен жол жүру құжатын беруді жүзеге асырады; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімін қалыптастырады және ай сайын ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді; 13) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ аталған комиссияны құрады; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) пана iздеген адамдар және босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етедi; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды 13-2) пана iздеген адамдарды және босқындарды тiркеудi жүзеге асырады; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды; 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 13-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13-3) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушыларды шекарада iздеген, Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кiрудi немесе шектес мемлекет азаматтарының жаппай өтуiн тойтарған кезде пана iздеген адамдардың және босқындардың шекара аймағында (белдеуiнде) орналасқан жердегi жекелеген учаскелерге немесе объектiлерге жiберiлуiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының ұсынуы бойынша шектейдi немесе оған тыйым салады; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды 13-4) пана iздеген адамдарды және босқындарды соттың заңды күшiне енген шешiмдерiн орындау үшiн мәжбүрлеп шығарып жiберудi жүзеге асырады; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13-5) тармақшамен толықтырылды 13-5) босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекітеді; 14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
7-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті 1. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган: 1) босқындар мәселелері бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне босқындар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынасы мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды табыс етеді; 4) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың қызметіне, босқындар мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, форумдарға және босқындардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық акцияларға қатысуын қамтамасыз етеді; 5) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 2. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган: 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады; 2) жергілікті атқарушы органдарға босқындарды қабылдауға арналған шатырлы лагерьлерді жайластыруда, стационарлық лагерьлерді дайындауда жәрдем көрсетеді; 3) босқындарды қабылдауға арналған шатырлы және стационарлық лагерьлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары босқындар мәселелері жөніндегі қатынастар саласында реттеуді осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
8-бап. Пана іздеген адамдардың құқықтары мен міндеттері 1) аудармашының ақысыз қызметтерін алуға және босқын мәртебесін беру туралы, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға; 2) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі арқылы босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат беруге; 3) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қайтарып алуға; 4) уәкілетті органның босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешіміне шағымдануға; 5) шағымдану мерзімдерін қоса алғанда, босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша шешім қабылдау рәсімі аяқталғанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында болуға; 6) шыққан еліне өз еркімен қайтуға немесе кез келген үшінші елге қоныс аударуға; 7) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетілуіне; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек ету бостандығына немесе кәсіпкерлік қызметке; 9) мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. 1) босқын мәртебесін беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті дәйекті мәліметтерді хабарлауға; 2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде және тәртіппен міндетті медициналық тексеріп-қаралудан өтуге; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға; 4) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен шығып кету ниеті туралы уәкілетті органға хабарлауға; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді 5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жерін ауыстырған кезде уәкiлеттi органда есептен шығуға және тіркелуге және тиісінше жаңа тұрғылықты жеріне келген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепке тұруға және тіркелуге; 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті. 3. Пана іздеген адамдардың өзге де құқықтары мен бостандықтары болады, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді мойнына алады.
9-бап. Босқындардың құқықтары мен міндеттері 2) тиісті уәкілетті органдардан шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат сұратуға; 3) уәкілетті органның босқын мәртебесін ұзартудан бас тарту туралы, одан айыру немесе оны тоқтату туралы шешіміне шағымдануға; 4) шыққан еліне өз еркімен қайтуға немесе кез келген үшінші елге қоныс аударуға; 5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетілуіне; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек ету бостандығына немесе кәсіпкерлік қызметке; 7) мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын сот арқылы қорғауға; 8) өзімен алып келген, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жиған мүлкін қоныстану үшін өзіне құқық берілген басқа елге әкетуге; 9) босқын куәлігін және жол жүру құжатын алуға құқығы бар. 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға; 2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен шығып кету ниеті туралы уәкілетті органға хабарлауға; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғылықты жерін ауыстырған кезде уәкiлеттi органда есептен шығуға және тіркелуге және жаңа тұрғылықты жеріне келген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісінше есепке тұруға және тіркелуге міндетті. 3. Босқындар мәртебесі бар адамдардың өзге де құқықтары мен бостандықтары болады, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді мойнына алады.
10-бап. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты беру және тіркеу тәртібі 1. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының аумағына келісімен күнтізбелік бес күн ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезінде нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген кезден бастап, жазбаша өтінішхатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға жүгіне алады. 2. Егер пана іздеген адам Қазақстан Республикасының аумағына әлі келмеген болса, ол жазбаша өтінішхатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы босқын мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне жүгіне алады. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты дипломатиялық арналар арқылы уәкілетті органға қарауға береді. 2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде - көші-қон бақылауы пунктіне, ал мұндай пункт болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда, бір тәулік ішінде уәкілетті органға жүгінуге тиіс. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Адамдар Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгені немесе болғаны үшін ұсталған жағдайларда босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгінуге ниет білдірсе, құзыретті органдар адам ұсталған кезден бастап бір күн ішінде уәкілетті органға хабарлайды. Уәкілетті орган күнтізбелік екі күн ішінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мән-жайларын анықтайды және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркейді. 5. Адаммен бірге келген оның он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттардың негізінде - ата-анасының бірінің өтінішхатына, ал ата-анасы болмаған кезде, олардың заңды өкілдерінің өтінішхатына енгізіледі. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күні пана іздеген адамның куәлігі беріледі, оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi мерзiмге оны тіркеу жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны дактилоскопиялық тіркеу жүзеге асырылады. 7. Он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер пана іздеген адамның, ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің куәлігіне енгізіледі. Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген пана іздеген адамға пана іздеген адамның куәлігі беріледі.
11-бап. Босқын мәртебесін беру 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы шешімді осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өткен жағдайда, босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды. Шешім қабылдау үшін қосымша тексеру қажет болған жағдайларда түпкілікті шешім шығару бір жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады. 2. Бір отбасының мүшелері болып табылатын адамдарды босқындар деп тану осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар ескеріле отырып, он сегіз жасқа толған әрбір отбасы мүшесіне қатысты жүзеге асырылады. Осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар болмаған жағдайда, отбасының қосылуын қамтамасыз ету мақсатында он сегіз жасқа толған отбасы мүшелерінің біріне қатысты осы отбасы мүшесі де оның келісімі бойынша босқын деп танылады. Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алған немесе отбасымен қосылу мақсатында пана сұраған адамның жұбайына (зайыбына) өтінішхат беру кезінде осы баптың, сондай-ақ осы Заңның 10, 12, 13 және 14-баптарының талаптары қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алған адамнан немесе пана іздеген адамнан кейін келген адамның жұбайы (зайыбы) және кәмелетке толмаған балалары отбасына қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде уәкілетті органға олардың отбасылық қатынастарын растайтын дәлелдемелерді және (немесе) құжаттарды табыс етуге тиіс. Отбасының бірлігі ажырасу немесе босқынның қайтыс болуы салдарынан бұзылған кезде оның отбасы мүшелерінің босқын мәртебесі оған босқын мәртебесін беру туралы шешімнің қолданылу мерзімінде сақталады. 3. Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген адамды босқын деп тану ата-анасы немесе заңды өкілдері туралы мәліметтер алынғаннан кейін осы адамның мүдделері ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 4. Босқын деп танылған адам балалы болған жағдайда, баланың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. 5. Босқын мәртебесі бір жыл мерзімге беріледі. Босқын мәртебесі берілген адамға шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган босқын куәлігін береді. Босқынның шыққан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған бұрынғы мән-жайлар сақталған кезде босқынның аталған мерзім аяқталудан бір ай бұрын берген өтініші негізінде уәкілетті орган босқын мәртебесі мерзімін бір жылға және әрбір кейінгі жылға ұзартады. 6. Пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пана іздеген адамға бас тартудың себебін көрсетіп және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі туралы түсіндіріп, шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді.
12-бап. Пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартудың негіздері 1) адамның нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін деген негізделген қауіп болмаса; 2) егер адам өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса; 3) адамда өзі оның қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса; 4) егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан тікелей келсе; 5) егер аталған адамға қатысты өзі азаматы болып табылатын елде не келген елінде әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысады не қатысты деп топшылауға салмақты негіздер болса; 6) егер аталған адам жөнінде бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмыстарды жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса; 7) егер осы адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса; 8) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттердің жасалуына кінәлі деген салмақты негіздер болса; 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) егер аталған адам Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерінің қорғауын не көмегін пайдаланатын болса; 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 10) осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартса немесе өтпесе, пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
13-бап. Адамды босқын мәртебесінен айыру 1) босқын мәртебесі берілуі үшін негіз болған көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа не жалған құжаттарды ұсынса; 2) бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмысы үшін сотталған болса; 3) Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде жасаған саяси емес сипаттағы ауыр қылмысы үшін сотталған болса; 4) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттер жасағаны үшін сотталған болса; 5) террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін сотталған болса, босқын мәртебесінен айырылады. |