Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 68-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 69-қосымша
«Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігінжасау қағидалары (2022.18.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Патент құнын есептеу (911.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және «Патент құнын есептеу»-ге арналған патент алу үшін салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі - есеп) жасау тәртібін айқындайды. Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда) және әлеуметтік төлемдер кіреді. Есепті патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды. ҚР Қаржы министрінің 2020.20.12. № 1214 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Осы Қағида 2020 жылғы салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады. 2. Есеп есептің өзінен (911.00-нысан) және патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған қосымшадан (911.01-нысан) тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Есепке қосымша есепте тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдар толтырылған кезде міндетті тәптіпте жасалады 6. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 7. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «-» - алу; «х» - көбейту. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|