|
|
|
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев, мына құжаттарды: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін; Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Білім беру объектілеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 20 (бұдан әрі - ҚР БМСД 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 20 қаулысы) қаулысын; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын; Ауыр жіті респираторлық синдром - 2 (SARS-CoV-2) коронавирусынан туындаған коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - COVID-19) сырқаттанушылық бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап, Есептік өлшемшарттар негізінде COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 0,5%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) -1,429 құрағанын анықтадым. Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының «дельта» («үнді» В.1.617.2), «альфа» («британдық» В.1.1.7), «бетта» («оңтүстік африкалық» В.1.351), «гамма» («бразилиялық» Р.1), «каппа» («үнді» В.1.617.1), «йота» («нью-йорктық»), «ета» («нигериялық»), «омикрон» (оңтүстік-африкалық В.1.1.529), «бақылаудағы нұсқалар» (В.1.640.1 және В.1.640.2), «стелс-омикрон» («көрінбейтін» ВА.2) және өзге де штаммдарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) және 7) тармақшалары, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 4 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін: 1) 5-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «5. Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО білім басқармасы, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, ШҚО полиция департаменті, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына, ҚР БМСД 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 20 қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысының 9-қосымшасына сәйкес 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқу жалғастырылсын». 2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде күшін жойғанға дейін қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |