Тараз қаласында 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы (2019.03.07. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Тараз қаласында 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2019.03.07. № 2277 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына қосымша
Тараз қаласында 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|