Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.05.05. № 31/06 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.31.10. № 61/01 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Қарағанды облысы әкiмдiгiнің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/02 қаулысымен бекітілген
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 18/05 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.31.10. берілген өзгерістермен)
1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қарағанды облысы қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: Мемлекеттік корпорацияда - азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірінде № 219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11374 болып тіркелген), (бұдан әрі - Стандарт) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. порталда: қайталама куәлік алған кезде - электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|