Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы (2021.27.08. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2021.27.08. № 7С-9/4 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын. 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын. 3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын. 4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Бұланды ауданының әкімдігі
Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2021.27.08. № 7С-9/4 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-67/3 шешіміне 1 қосымша
Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар: 1. Алаң, Макинск қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 17. 2. Алаң, Макинск қаласы, Парковая көшесі, 2. 3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Макинск қаласы, Сәкен Сейфуллин және Мәлік Ғабдуллин көшелерінің қиылысынан Сәкен Сейфуллин көшесі, 17 бойынша «Қазпошта» акционерлік қоғамының объектісіне дейін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|