ҚР Қаржы министрінің 2021.08.01. № 7 бұйрығымен 2023 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 324 бұйрығына 19-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына 92-қосымша
Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан) (2016.31.10. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке (корпоративтік) табыс салығын және әлеуметтік салықтарды, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған шағын бизнес субъектілері үшін салық есептілігі (оңайлатылған декларация) нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері жасайды. ҚР Қаржы министрінің 2016.31.10. № 579 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағида 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 30 маусымға дейін салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының сол жақ бірінші торкөзінде «-» белгісімен көрсетіледі. 5. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 1) қағаз жеткізгіште - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық жеткізгіште - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|