Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенция (Гаага, 1970 ж. 16 желтоқсанда) (2010.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 199-VІ Заңымен ратификацияланды
13-баптың 3-тармағына сәйкес Конвенция 1971 ж. 14 қазанда күшіне енді
ОСЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ұшып жүрген әуе кемесін заңсыз басып алу немесе оған бақылауды жүзеге асыру актілері адамдар мен мүліктің қауіпсіздігіне қатер төндіреді, әуе қатынасын елеулі түрде бұзады және азаматтық авиация қауіпсіздігіне әлем халықтарының сенімін жоғалтады деп ЕСЕПТЕЙ КЕЛІП, мұндай актілердің болуы елеулі алаңдаушылық туғызады деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП, мұндай актілерді болғызбау мақсатында қылмыскерлерді жазалау үшін тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге табанды қажеттілік бар деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП, ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:
2010 ж. 10.09. Хаттамамен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап
1. Кез келген адам, егер ол пайдаланылып жатқан әуе кемесін заңсыз немесе әдейі түрде басып алса, немесе оған күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен немесе басқа да қорқыту нысандары арқылы немесе кез келген техникалық құралдардың көмегімен бақылауды жүзеге асырса, қылмыс жасаған болып табылады. 2. Кез келген адам, сондай-ақ, егер осы адам: а) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасау қатерін төндірсе; немесе b) кез келген адамнның осындай қылмыс жасалу қатерімен қорқытылуын заңсыз және әдейі түрде туындатса, қатер нақты болып табылатынын куәландыратын мән-жайларда, қылмыс жасаған болып табылады. 3. Кез келген адам, сондай-ақ, егер осы адам: а) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасауға ұмтылса; немесе b) осы баптың 1, 2 немесе 3 а) тармақтарында көрсетілген қылмыстардың қайсыбірін жасау мақсатында басқа адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық жасаса; немесе c) осы баптың 1, 2 немесе 3 а) тармақтарында көрсетілген қылмыстарға сыбайлас ретінде қатысса; немесе Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|