«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы (2019.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен тықырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары айқындалсын. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 270-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 144-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленді әрі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.03. № 158 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.01.10. № 564 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы (бұдан әрі - «Болашақ» стипендиясы) - Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе санаттарын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия; 2) «Болашақ» стипендиясының әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) - шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым; 3) «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпазы (бұдан әрі - конкурс жеңімпазы) - осы Қағидаларда көзделген барлық турлардан ойдағыдай өткен және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған үміткер; 4) бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері - бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжымның қызметкерлері болып табылатын жеке тұлғалар; 5) ғылыми-педагог қызметкерлер - ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын не білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын жеке тұлғалар; 6) жұмыс беруші - қызметкер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, оның филиалы, өкілдігі; 7) инженерлік-техникалық қызметкерлер - өндірістік процесті, сондай-ақ ұйымда тікелей өндірістік қызметті ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын және жоғары инженерлік-техникалық білімі бар қызметкерлер; 8) кешенді тестілеу - зияткерлік қабілеттілік, кәсіби біліктілік деңгейін, шетелде оқуға психологиялық дайындықты айқындау бойынша тестілеу; 9) магистратура алдындағы дайындық - конкурс жеңімпаздарының оқу еліне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде шетелдік жоғары оқу орындарының білім беру жүйесіне және оқыту әдістеріне бейімделу дайындығы; 10) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер - кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын, кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған жеке тұлғалар; 11) тәуелсіз сараптамалық комиссия - «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына (бұдан әрі - конкурс) қатысатын үміткерлермен жеке әңгімелесуді жүзеге асыратын, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы жанындағы консультативтік-кеңесші орган; 12) үміткер - осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сай келетін және конкурсқа қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы; 13) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия - «Болашақ» стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - Республикалық комиссия). 14) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Жұмыс органы). ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.26.03. № 158 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. «Болашақ» стипендиясы дербес болып табылады және оны Республикалық комиссия: 1) Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары оқу орнына оқуға орналасу сәтінде бекітілген конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында олардың «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі - басым мамандықтар тізбесі) сәйкес магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуы, резидентурада оқуы үшін күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы; 2) конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының және олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында басым мамандықтар тізбесіне сәйкес шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ танымал әлемдік, өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компанияларда және салалық ұйымдарда он екі айға дейінгі мерзіммен (тілдік курстардан өту мерзімдерін қоспағанда) Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан Республикалық комиссия айқындайтын қызметкерлер санаттарының тағылымдамадан өтуі мақсатында тағайындайды. Жұмыс органы конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін (бұдан әрі - Тізім) бекітеді. Тізім Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қалыптастырылады. Басым мамандықтар тізбесін жыл сайын Жұмыс органының ұсынуы бойынша Республикалық комиссия бекітеді. Басым мамандықтар тізбесін «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өтінімдер негізінде Жұмыс органы әзірлейді. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.26.03. № 158 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.01.10. № 564 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.07.11. № 834 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. «Болашақ» стипендиясы мынадай санаттарға: 1) академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлер (бұдан әрі - өз бетінше түскендер санаты); 1-1) Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижелері бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаты бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - жалпы конкурс санаты); 2) соңғы он екі айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметте кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар мемлекеттiк қызметшi (мемлекеттiк саяси қызметшiлерді қоспағанда) болып табылатын, магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызметшілер санаты); 3) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 1 (бір) жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - ғылыми-педагог қызметкерлер санаты); 4) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде ағымдағы жылы өздері бітіріп шыққан Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - жоғары оқу орындары түлектерінің санаты); 5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының Республикалық комиссия айқындаған қызметкерлер санатына жататын, кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында соңғы 12 (он екі) ай жалпы жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан әрі - тағылымдамаға үміткерлер санаты); 6) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған кезде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын, мәдениет ұйымдарында кемінде бір жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты); 7) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған кезде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде бір жыл жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі - бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы қызметкерлер санаты) тағайындалады. ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін Жұмыс органы жыл сайын бекітеді және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын орналастырылады. ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және: «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, оның ішінде «Болашақ» стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстарды төлеуді; үміткерлердің мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру деңгейін айқындау, пәндік емтихандарды және кешенді тестілеуді өткізу бойынша шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының, ұйымдардың (бұдан әрі - шетелдік әріптестер), Қазақстан Республикасы ұйымдары мен сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеуді; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын «Болашақ» стипендиясын жұмсау бағыттары бойынша шығыстарды (бұдан әрі - Жұмсау бағыты) төлеуді қамтиды. ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.27.03. № 143 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда 7. «Болашақ» стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет тағайындалады. Бұрын тағайындалған стипендияны пайдаланбаған және оқуға немесе тағылымдамаға кіріспеген тұлғаларға, Әкімші алдында берешегі болмаған жағдайда, «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін конкурсқа қатысудың бір реттік мүмкіндігі беріледі.
2. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу тәртібі
2.1. «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.31.08. № 647 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Конкурсқа қатысуға жоғары білімі не бакалавр дәрежесі бар және осы Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес құжаттар ұсынған, тілдік курстарға, академиялық оқуға/тағылымдамаға және кейіннен еңбекпен өтеуге кететін жиынтық оқыту мерзімдерін ескергенде құжаттарды тапсыру сәтінде заңнамада белгіленген зейнеткерлік жас шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.01.10. № 564 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.05. № 279 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2018.27.03. № 143 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Магистр дәрежесін алу үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі. Магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа қатысуға өз бетімен түскендер, жалпы конкурс, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер жіберіледі. Магистр дәрежесін алу үшін үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары: 1) өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін: Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар - оқудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орнында белгіленген бағалау жүйесіне сәйкес кемінде «жақсы» деген бағаға сәйкес болуы және бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі - бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес келуі; академиялық оқуға түскендер - бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі; 2) жалпы конкурс, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін - бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі және Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі - мәндес мамандықтар тізбесі) сәйкес шетелде оқу үшін таңдалған мамандығының осы диплом бойынша мамандығына сәйкес келуі; 3) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін - бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі болып табылады. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 175 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1154 Қаулысымен (2016 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2016.01.10. № 564 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды: 1) жұмыс берушінің конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін; 2) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 3) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса - білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 4) осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 1-1) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, осы Қағидаларға сәйкес еңбек қызметі кезеңдері үшін талап етілетін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінділердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 5) мемлекеттік немесе орыс тіліндегі уәждемелік және ұсыным хаттарды; 6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы; 7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы; 8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын (салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады) және көшірмесін (оның болуы осы Қағидалардың 4-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген үміткерлер үшін міндетті); 9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты; 11) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін (қаржылық шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы; 12) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы ұсынады. ҚР Үкіметінің 2016.01.10. № 564 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды 10-1. Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі. Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін конкурсқа қатысуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер арасынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін адамдар жiберіледi. ҚР Үкіметінің 2016.01.10. № 564 Қаулысымен 10-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 10-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-2. Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары: Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар - бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі; академиялық оқуға түскендер - бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі болып табылады. ҚР Үкіметінің 2016.01.10. № 564 Қаулысымен 10-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.05. № 279 Қаулысымен 10-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-3. Осы Қағидалардың 10-1-тармағында көрсетілген үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды: 1) жұмыс берушінің конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін; 2) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 3) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса - білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 4) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 5) мемлекеттік немесе орыс тіліндегі уәждемелік және ұсыным хаттарды; 6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы; |