Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы (2021.09.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2021.09.08. № 784 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайлар; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдері; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді қолдану қағидалары мен мерзімдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|