Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы (2019.03.12. берілген өзгерістермен)
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11338 тіркелген), «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 294 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 тіркелген), «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 297 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11303 тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрықтарына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Алматы облысы әкімдігінің 2019.03.12. № 546 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Коса беріліп отырған: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Күштері жойылды деп танылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|