Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар: 1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын; 2) Бағдарламаның әкімшісіне Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай ай сайынғы негізде және құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөніндегі ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күніне қарай тоқсан сайынғы негізде берсін. 3. Бағдарлама әкімшісі: 1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 15-і күніне қарай ай сайынғы негізде және құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөніндегі ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ы күніне қарай тоқсан сайынғы негізде берсін; 2) жұртшылықтың қатысуымен онлайн режимде «Сұрақ - жауап» форматында тоқсан сайынғы негізде брифинг өткізсін; 3) орындалмау тәуекелі бар объектілер болған жағдайда, оларға мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарты жылда бір рет барсын; 4) Бағдарламаны іске асырудан алынған оң нәтижелері туралы әлеуметтік желілер арқылы халыққа сұраунама жүргізсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|