ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.01. № 40 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 17-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.27.09. № 356 бұйрығымен алып тасталды
«Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут; 3) құжаттарды алу үшін кезектегі барынша жол берілетін уақыт - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру туралы шешімі не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|