|
|
|
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы (2002.29.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысын ұйымдастыру негiздерiн, мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының қорғаныс мәселелерiн шешудегi өкiлеттiгiн, оны экономикалық жағынан қамтамасыз ету жүйесiн, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн нығайту жөніндегі мiндеттерiн белгiлейдi; Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпы жүйесіндегі Қарулы Күштердiң рөлiн, орнын және мiндеттерiн, сондай-ақ қорғаныс шараларын жүргiзу тәртібін анықтайды. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасы қорғанысының негiздерi Қазақстан Республикасының қорғанысы - республиканың егемендiгiн, аумақтық тұтастығын және оның шекараларына қол сұғылмауын қорғауға әзiрлiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын саяси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк-құқылық сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесi. Қазақстан Республикасының қорғанысы Қазақстан Республикасына қарсы соғыс шабуылына жол бермеу және жасалуы ықтимал агрессияға қарулы тойтарыс беру үшiн қажеттi жағдайлар жасауды көздейдi. Қазақстан Республикасының қорғанысы мемлекеттiң аса маңызды мiндетiне жатады, бүкiл халықтың iсi болып табылады. Қазақстан Республикасының қорғанысы мемлекеттiң қорғаныс бағыты бар әскери iлiмiне сәйкес құрылады. 2-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қорғанысын ұйымдастыру мыналарды қамтиды: жоғары мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн нығайтуға, әскерлердi (күштердi) үнемi жауынгерлiк әзiрлiкте ұстауға бағытталған қызметтi; соғыс қаупiн болжау мен бағалау; мемлекеттiң әскери саясаты мен әскери iлiмiн әзiрлеу; басқа мемлекеттермен әскери-саяси және әскери ынтымақтастықты қамтамасыз ету және бiрлескен қорғаныс жөніндегі күш-жiгердi үйлестiру, сондай-ақ соғысқа жол бермеу үшiн халықаралық майданда тиiстi шараларды жүргiзуге қатысу; мемлекеттік шекараны қорғау, азаматтық және аумақтық қорғаныс шараларын әзiрлеу мен жүргiзу; Қарулы Күштердiң құрылымын әзiрлеу, қажеттi санын анықтау және оларды қорғанысқа жеткiлiктi деңгейде ұстау; әскери-техникалық саясатты әзiрлеу мен жүргiзу, қару-жарақ мен әскери техниканы, әскери ғылымды дамыту бағдарламаларын (жоспарларын) iске асыру; экономиканы, мемлекеттік басқару органдары мен жүйелерiн соғыс кезiнде жұмыс iстеуге жұмылдыру жағынан әзiрлеу, сондай-ақ республиканың халқы мен аумағын, қатынас жолдарын қорғанысқа әзiрлеу; мемлекеттік және жұмылдыру резервтерiнде материалдық қазыналар қорын жасау; Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке даярлау, соғыс кезiнде жұмылдырылатын адам ресурстарын жинақтау; соғыс кезiнде мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының қызметiн үйлестiру; мемлекеттік және әскери құпияны сақтау; әскери қызметке байланысты айналадағы ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру. 3-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы туралы заңдар Қазақстан Республикасының қорғанысы туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заң және өзге де нормативтiк актілеріне негiзделедi. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРI, БАСҚА ӘСКЕРЛЕРI МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРЫ 29.01.02 ж. № 287-II ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда 4-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мақсаты мен құрамы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына қол сұғылмауын, оның аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қорғау; агрессордың шабуылын тойтару және оны жеңiлiске ұшырату; мемлекеттік және әскери объектiлердi күзету мен қорғау; Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрлескен қорғаныс жөніндегі мiндеттердi орындау. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн басқа жағдайларда қолдану Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мыналарды қамтиды: Қарулы Күштердiң әскери басқару органдары (орталық және жергiлiктi әскери басқару органдары); Қарулы Күштердiң түрлерi - Құрылықтағы әскерлер, Әуе қорғанысы күштерi. Құрлықтағы әскерлер құрамына: әскери округтер (Шығыс, Батыс, Орталық, Оңтүстiк) әскер тектерi (ракета әскерлерi және артиллерия, әуе қорғанысы әскерлерi) Ұтқыр күштер; Арнаулы әскерлер; Қарулы Күштердiң тылы; әскери-оқу орындары, әскери-ғылыми мекемелер кiредi. Бұдан басқа соғыс уақытында Қарулы Күштер құрамына: Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi; Шекара қызметi және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi; Республикалық ұлан; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi азаматтық қорғанысының басқару органдары мен бөлiмдерi (бұдан әрi - басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) кiредi. Қазақстан Республикасының жекелеген әскери құралымдары бiрiккен (коалициялық) қарулы күштердiң (әскерлер тобының) құрамына уақытша енуi немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен командованиеде болуы мүмкін. 5-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi құрылысының принциптерi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және шарттасу жүйесi негiзiнде жасақталады, демократиялық басқаруды орталықтандырылған басшылықпен және дара билеумен ұштастыру, заң шығарушы және атқарушы өкiметтiң конституциялық органдарға есеп беруi, әскери қызметшiлердiң үнемi жауынгерлiк әзiрлiгi, әлеуметтiк-құқылық қорғаулы принциптерi негiзiнде құрылады. 05.04.99 ж. № 360-1; 29.01.02 ж. № 287-II ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Әскерлердi орналастыру Әскери бiрлестiктердi, құрамаларды, бөлiмдер мен мекемелердi орналастыру мен жайғастыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзiрлеген жоспарларға сәйкес Қарулы Күштер Бас Қолбасшысының шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына бөлiнген жерлерге құрамалардың, бөлiмдер мен мекемелердiң орналастыруы мен жайғастырылуы Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен соң Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Iшкi iстер министрінің, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының және Республикалық ұлан қолбасшысының шешiмiмен жүзеге асырылады. 29.01.02 ж. № 287-II ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Азаматтық қызметкерлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының жұмысшылары мен қызметшiлерi әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу, шаруашылық, өндiрiс, құрылыс жұмыстары мен басқа да жұмыстарды атқарады. Олардың саны бөлiнген қаражат шегiнде белгiленедi. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының жұмысшылары мен қызметшiлерi еңбек және мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген еңбек құқылары мен мiндеттерiнiң бүкiл жиынтығына ие болады. Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi қызметтiк және мемлекеттік құпияны сақтау болып табылады. 29.01.02 ж. № 287-II ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларындағы тәрбие жұмысының мақсаттары мен принциптерi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларындағы тәрбие жұмысының мақсаты адам құрамында жоғары моральдық-қайраттылық, жауынгерлiк және психологиялық қасиеттердi қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте iзгiлiк, қазақстандық патриотизм және интернационализм принциптерiне басымдық берiледi. 9-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларындағы саяси партиялардың қызметi туралы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында саяси партиялар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады. 29.01.02 ж. № 287-II ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде және әскери құралымдарында заңдылықтың сақталуын қадағалау әскери қызметшiлердiң құқықтық қорғалуын, әскерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты әскери прокурорлар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан басқа мемлекеттердiң әскери құрамаларының заңдылықты сақтауын қадағалау жасалған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында әскери қызметшiлер құқығын қорғауды, азаматтық және қылмыстық iстердiң қаралуын соттар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде және әскери құралымдарында құқық тәртібін қамтамасыз етудi ұйымдық жағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң құрамына кiретiн әскери полиция жүзеге асырады. Әскери полицияның мiндеттерi мен құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. МЕМЛЕКЕТТІК ӨКIМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIГI ЖӘНЕ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРГЕ, БАСҚА ӘСКЕРЛЕР МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРҒА БАСШЫЛЫҚ ЕТУ 29.01.02 ж. № 287-II ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысына, Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына басшылық ету Қазақстан Республикасының қорғанысына, Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкiмет органдары - Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне әскери-саяси басшылық жасау Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министріне жүктеледі. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметтiк-жауынгерлiк қызметiне жедел басшылық жасау: iшкi әскерлерге - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне; Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен әскерлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына; азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлiмдерiне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң төрағасына; Республикалық ұланға - Республикалық ұлан қолбасшысына жүктеледi. Қарулы Күштердiң түрлерiне, әскер тектерiне, әскери округтерге, бiрлестiктерге (құрамалар мен бөлiмдерге) тiкелей басшылық жасауды және басқаруды тиiстi қолбасшылар (командирлер және бастықтар) жүзеге асырады. 05.04.99 ж. № 360-1 ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Ол мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету және оның Қарулы Күштерiн үнемi жауынгерлiк әзiрлiкте ұстау жөніндегі қажеттi шаралар қолданады. Қазақстан Республикасы Президентi: әскери iлiмдi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының құрылымын, штат саны лимитін, әскери құрылысының, республика аумағын жедел жабдықтаудың негiзгi бағыттарын, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын бекiтедi; Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған немесе оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қауiп төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайын енгiзедi, iшiнара немесе жаппай жұмылдыруды жариялайды және бұл жайында дереу Республика Парламентiн хабардар етедi; соғыс кезiнiң нормативтiк актілерін күшiне енгiзедi және олардың қолданылуын тоқтатады, жұмылдырудан босату туралы шешiм қабылдайды; әскери iлiмнiң қағидаларын негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне ұрыс қимылдарын жүргiзуге шешiм қабылдап, бұйрық бередi; әскери саладағы ынтымақтастық туралы келiссөздер жүргiзiп, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды; әскери басқару органдарының өкiлеттiгiн, қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртібін белгiлейдi; Қарулы Күштердiң жоғарғы қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары атақтар бередi; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының әскери антының мәтiнiн, жарғыларын, тулары мен жалауларын, әскери киім үлгiлерi мен айырым белгiлерiн бекiтедi; Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару туралы шешiм қабылдайды. 13-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Парламентi: мемлекеттік қорғаныс пен қауiпсiздiк саласындағы мәселелердiң заң жүзiнде реттелуiн жүзеге асырады; қорғанысқа бөлiнетiн жыл сайынғы шығыстарды бекiтедi; әскери атақтарды белгiлейдi; Қазақстан Республикасының қорғаныс пен әскери ынтымақтастық жөніндегі халықаралық шарттарын бекiтедi және күшiн жояды; Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн Қарулы Күштердi, басқа әскерлер мен әскери құрамаларды пайдалану туралы шешiм қабылдайды; соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi. 14-бап. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк кеңесiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк кеңесi Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша алқалы басшылық ететiн арнаулы орган болып табылады. Қауiпсiздiк кеңесiнiң өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. 29.01.02 ж. № 287-II ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі: мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы саясаттың негiзгi бағыттарын белгiлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; қорғаныс пен Қарулы Күштердi, басқа әскерлер мен әскери құрамалар мұқтаждарына арналған жабдықтау нормаларын бекiтедi және материалдық-техникалық ресурстардың, азық-түлiктiң, заттай және басқа да мүлiктердiң көлемiн, қаржы көлемiн белгiлейдi; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларын қарумен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады. қару-жарақты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары мен жоспарларын орындауды қамтамасыз етедi; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының инфрақұрылымын жасауға басшылық етедi; әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың жыл сайынғы шектi мөлшерiн, сондай-ақ даярлау мен қайта даярлауға жататын әскери машықтандырылған мамандардың жыл сайынғы санын белгiлейдi; шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлауға әрi азаматтарды әскери қызметке шақыруға және әскери машықтандырылған ресурстардың жинақталуына жалпы басшылықты жүзеге асырады, әскери мiндеттiлердi жиынға шақыру туралы қаулылар шығарады; Әскери мiндеттiлер мен шақырылушылардың әскери есебiн жүргiзу тәртібі туралы ереженi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери қызметтен және запастағы қызметтен өту ережесін бекiтедi; меншiк нысанына қарамастан ұйымдар үшiн жұмыс күшiн броньдау мәселелерi жөніндегі комиссияны құрады; Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар жоғары және орта әскери-оқу орындарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарын, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын, республикалық әскери мектептер, өнеркәсiп орындарында әскери өкiлдiктер құрады және оларды таратады, сондай-ақ олардың қызметi туралы ереженi бекiтедi; жергiлiктi әскери басқару органдары туралы ереженi бекiтедi; азаматтық және аумақтық қорғанысқа басшылық етедi; экономиканы жұмылдыру жоспарларын жасауды ұйымдастырады, министрлiктерге, агенттiктерге және меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмылдыру резервтерi мен жұмылдыратын құжаттарды жинақтау мен сақтау жөніндегі тапсырмаларды белгiлейдi; министрлiктердiң, меншiк нысанына қарамастан агенттiктердiң, ұйымдардың әскери-көлiк мiндеттерi туралы ереженi бекiтедi; экономиканы жұмылдыруға әзiрлiкке, жұмылдыруды өрiстетуге және оны соғыс кезi жағдайындағы жұмыс режимiне көшiруге басшылық етедi, соғыс кезiнiң нормативтiк актілерін шығарады; жұмылдыру жарияланған жағдайда және соғыс кезiнде көлiк, байланыс құралдарын, басқа да материалдық-техникалық құралдарды әзiрлеу мен Қарулы Күштерге беру жөніндегі тапсырмаларды белгiлейдi, өзге де жұмылдырушылық тапсырмалар жүктейдi; қару мен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялардың және екi жақты мақсаттағы өнiмдердiң экспортын бақылауды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының аумағында қорғаныс объектiлерiн құру және олардың пайдаланылу тәртібі туралы шешiм қабылдайды. қаруды, әскери техниканы, қорғаныс объектiлерi мен басқа да әскери мүлiктердi беру, жалға тапсыру, өткізу мен кәдеге жарату тәртібін белгiлейдi; әскери қызметшiлердiң, запасқа немесе отставкаға шығарылған адамдардың, олардың үйелмендерiнiң, сондай-ақ қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған), хабар ошарсыз кеткен немесе тұтқынға түскен әскери қызметшiлер үйелмендерiнiң әлеуметтiк және құқылық кепiлдiктерi мәселелерi жөнiнде шешiм қабылдайды; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалар азаматтық қызметкерлерi үшiн жеңiлдiктер белгiлейдi; мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жасалатын өнiмнiң сапасына қойылатын талап пен техникалық қабылдау тәртібін бекiтедi. 05.04.99 ж. № 360-1; 29.01.02 ж. № 287-II ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді 16-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң өкілеттiлiктерi және Қарулы Күштерi Бас штабының мiндеттерi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекетте бiрыңғай әскери-техникалық саясатты жүргiзетiн және Қазақстан Республикасында Қарулы Күштер мен қорғаныс құрылысына басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы әскери басқару органы болып табылады. Қорғаныс министрлігінде саны мен жеке құрамын Қорғаныс министрi бекiтетiн алқа құрылады. Қорғаныс Министрi бейбiт кезде Қарулы Күштерге басшылықты Бас штаб арқылы жүзеге асырады. Қорғаныс министрлігі: мемлекеттiң әскери саясаты мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын, Қарулы Күштерiнiң Құрылысы мен дамуы тұжырымдамаларын әзiрлеу жөніндегі жұмысты жүргiзедi; Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі бекiткен Қарулы Күштердiң, Министрлiк аппаратының және министрлiкке бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимитi шегiнде Қарулы Күштер түрлерiнiң, әскер тектерiнiң құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қорғаныс министрлігіне бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат санын белгiлейдi; Әскери мiндеттiлер мен шақырылушылардың әскери есебiн жүргiзу тәртібі туралы ереженi, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызметтен және запастағы қызметтен өту ережесін әзiрлейдi; Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi; елдiң қауiпсiздiгi мен қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметiн жүзеге асырады; Қарулы Күштер түрлерiнiң, әскер тектерi мен арнаулы әскерлердiң жедел мақсаттары мен мiндеттерiн, оларды Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерiмен және әскери құралымдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып, қолдануды айқындайды; Қарулы Күштердi жауынгерлiк және жұмылдырушылық дайындықта ұстау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырып, жүргiзедi; ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және басқа жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады; әскерлердi инспекциялауды және Қарулы Күштерде қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады; елдiң әскери қауiпсiздiгi мен қорғанысын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттік басқару органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады; әскери-оқу орындарының, азаматтық оқу орындары әскери кафедраларының қызметi мен оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады; басқа мемлекеттік уәкiлеттi органдармен бiрлесiп азаматтық және аумақтық қорғаныс жоспарларын әзiрлеуге қатысады; азаматтарды заңдарға сәйкес әскери қызметке (жиындарға) шақыруды және белгiленген қызмет мерзiмiн өткерген әскери қызметшiлердi запасқа шығаруды, сондай-ақ азаматтарды соғыс уақытында жұмылдыру бойынша шақыруды және жұмылдырудан кейiн босатуды жүзеге асырады; шақырылуға дейiнгi және шақырылатын жастарды әскери қызметке даярлауға қатысады; Қарулы Күштердегi тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады; республикалық бюджет жобасында қорғанысқа арналған шығыстар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және бөлiнген қаржы қаражатының жұмсалу тәртібін белгiлейдi; Қарулы Күштер үшiн қару-жарақ, әскери техника мен жарақтар өндiрудi, күрделі жөндеудi және сатып алуды, сондай-ақ әскери объектiлердi салу мен жөндеудi ұйымдастырады; Қарулы Күштер үшiн азық-түлiкке, заттай және басқа да мүлiкке көбiнесе отандық тауар өндiрушiлерге тапсырыстар беру мен олардың өндiрiсiн қаржыландыруды және оларды сатып алуды жүзеге асырады; қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялаудың, қорғаныс және екiұдай мақсаттағы өнiмдi жоюдың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлеу мен орындауға қатысады; шет мемлекеттердiң әскери ведомстволарымен халықаралық әскери ынтымақтастықты жүзеге асырады; Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуы жөніндегі iс-шараларды әзiрлейдi және әскери қызметшiлерге, олардың отбасы мүшелерi мен азаматтық қызметкерлерге әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктердi қамтамасыз етедi; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген реттерде қорғаныс мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актілер шығарады және олардың орындалуын бақылайды; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаныс және қауiпсiздiк мәселелерi бойынша өзге де қажеттi өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы бейбiт уақытта және соғыс кезiнде мемлекеттiң Қарулы Күштерiн басқарушы басты орган болып табылады. Бас штаб бейбiт уақытта: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары құрылысының, дамуының жоспарларын әзiрлеудi үйлестiредi; әскерлердiң жедел, жауынгерлiк және жұмылдырушылық даярлығына басшылықты жүзеге асырады;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |