|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы (2007.28.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 7-жолдағы 3-баған "мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялық жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесiнде: "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген II бөлiм мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын: "19. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары"; "Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген III бөлiм мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: "8. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары"; 2) ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1311 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |