|
|
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы (2014.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгі Мәдениет комитетiнiң қарауындағы мыналар қайта құру жолымен: қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары; «Республикалық жөндеу-құрылыс және жаңарту басқармасы» мемлекеттік мекемесi - шаруашылық жүргiзу құқығы бар «Республикалық жөндеу-құрылыс және жаңарту басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорыны; «Республика сарайы» мемлекеттік мекемесi - шаруашылық жүргiзу құқығы бар «Республика сарайы» республикалық мемлекеттік кәсiпорыны; «Материалдық мәдениет ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және жобалау институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны - шаруашылық жүргiзу құқығы бар «Материалдық мәдениет ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және жобалау институты» республикалық мемлекеттік кәсiпорыны; «Қазақ мемлекеттік циркi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны - шаруашылық жүргiзу құқығы бар «Қазақ мемлекеттік циркi» республикалық мемлекеттік кәсiпорыны болып қайта ұйымдастырылсын. 2. «Ұлттық продюсерлiк орталығы», «Қазкинопрокат» республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кинофильмдер қоры (Мемфильмқоры)»мекемелерi мен «Ш. Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорынын қосу жолымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қызметтiң мынадай негiзгi нысандары: осы қаулының 1-тармағының екiншi, төртiншi және алтыншы абзацтарында көрсетiлген кәсiпорындардың концерттiк көрiнiстер, театрлық көрiнiстер және басқа да мәдени-бұқаралық шаралар салаларында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi iске асыратыны; осы қаулының 1-тармағының үшiншi абзацында көрсетiлген кәсiпорынның Қазақстан Республикасы мәдениет және сәулет ескерткiштерiн жөндеу, қалпына келтiру, консервациялау және қайта құру жұмыстарын орындайтыны; осы қаулының 1-тармағының бесiншi абзацында көрсетiлген кәсiпорынның республиканың тарихи және этно-мәдени орталықтары жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзетiнi, тарихи және мәдени ескерткiштерiн қайта қалпына келтiру, жаңғырту және консервациялау жөніндегі ғылыми-жобалау құжаттамаларын әзiрлейтiнi; осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген, құрылатын кәсiпорынның ұлттық киноның жоғары сапалы көркем туындыларын шығаруды жүзеге асыратыны, мемлекеттік фильмдер қорын жасайтыны және сақтайтыны, фильмдер прокатын ұйымдастыруды жүзеге асыратыны анықталсын. ҚР Үкіметінің 04.07.03 ж. № 654 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 441 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi заңда белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде: 1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн; 2) кәсіпорындардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен 6-тармақтың күші жойылды 6. Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) қаулысына: осы көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың Тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» бөлiміндегі 10, 11, 12, 13 және 14-реттiк нөмiрлерi алынып тасталсын; 510 «Таразы» республикалық мемлекеттік кәсiпорыны» деген жолдағы «510» саны «511» санымен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi» деген бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 512; 512-1-512-31- жолдармен толықтырылсын: «512 «Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-1 «М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-2 «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-3 «Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-4 «Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» республикалық мемлекеттік Алматы қаласы қазыналық кәсiпорыны 512-5 «Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-6 «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-7 «Республикалық немiс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-8 «Мемлекеттік қуыршақ театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Алматы қаласы 512-9 «Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы» респуб- ликалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-10 «Қазақконцерт» мемлекеттік гастрольдiк-концерттiк бiрлестiгi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-11 «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-12 «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-13 «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-14 «Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-15 «Гүлдер ансамблi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-16 «Қазақ мәдениетi мен өнертану ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-17.»Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейi» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-18. «Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-19 «Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-20 «Алтын және бағалы металдар музейi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 512-21 «Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптары музейi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-22 «Республикалық кiтап музейi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-23 «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтың мемлекеттік әдеби- мемориалдық музей кешенi» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-24 «Республикалық және халық- аралық мәдени бағдарламалар дирекциясы республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-25 «Көрмелер мен аукциондар дирекциясы» республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-26 «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорыны Алматы қаласы 512-27 «Ұлттық тарихи-мәдени Оңтүстік Қазақстан «Ордабасы» қорығы» республикалық облысы, Ордабасы мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны ауданы 512-28 «Республика сарайы» республикалық мемлекеттік кәсiп- орыны (шаруашылық жүргiзу құқығы бар) Алматы қаласы 512-29 «Қазақ мемлекеттік циркi» республикалық мемлекеттік кәсiп- орыны (шаруашылық жүргiзу құқығы бар) Алматы қаласы 512-30 «Республикалық мемлекеттік құрылыс-жөндеу және жаңғырту басқармасы» республикалық мемле- кеттiк кәсiпорыны (шаруашылық жүргізу құқығы бар) Алматы қаласы 512-31 «Материалдық мәдениет ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және жобалау институты» республикалық мемлекеттік кәсiпорыны (шаруа- шылық жүргiзу құқығы бар) Алматы қаласы 2) «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат); көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң қарауына жататын ұйымдардың Тiзбесіндегі: 25, 27 және 28 тармақтар алынып тасталсын; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы». 7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы кинофильмдерiнiң мемлекеттік қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 3 шiлдедегi № 909 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 23, 261-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшiн жойған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 51-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат). 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Yкіметінiң 2000 жылғы 28 наурыздағы № 449 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындар болып қайта құрылатын мемлекеттік мекемелерiнiң Тізбесі 1. «Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» мемлекеттік мекемесi - «Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» қазыналық кәсiпорыны 2. «М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» мемлекеттік мекемесi - «М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» қазыналық кәсiпорыны 3. «М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» мемлекеттік мекемесi - «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» қазыналық кәсiпорыны 4. «Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» мемлекеттік мекемесi «Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» қазыналық кәсiпорыны 5. «Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» мемлекеттік мекемесi - «Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» қазыналық кәсiпорыны 6. «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» мемлекеттік мекемесi - «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» қазыналық кәсiпорыны 7. «Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» мемлекеттік мекемесi - «Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» қазыналық кәсiпорыны 8. «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» мемлекеттік мекемесi - «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» қазыналық кәсiпорыны 9. «Республикалық немiс драма театры» мемлекеттік мекемесi «Республикалық немiс драма театры» қазыналық кәсiпорыны 10. «Мемлекеттік қуыршақ театры» мемлекеттік мекемесi - «Мемлекеттік қуыршақ театры» қазыналық кәсiпорыны 11. «Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы» мемлекеттік мекемесi - «Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы» қазыналық кәсiпорыны 12. «Қазақконцерт» мемлекеттік гастрольдiк-концерт бiрлестiгi» мемлекеттік мекемесi - «Қазақконцерт» мемлекеттік гастрольдiк-концерт бiрлестiгi» қазыналық кәсiпорыны 13. «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблi» мемлекеттік мекемесi - «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблi» қазыналық кәсiпорыны 14. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблi» мемлекеттік мекемесi - «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблi» қазыналық кәсiпорыны 15. «Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi» мемлекеттік мекемесi - «Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi» қазыналық кәсiпорыны 16. «Гүлдер ансамблi» мемлекеттік мекемесi - «Гүлдер ансамблi» қазыналық кәсiпорыны 17. «Қазақ мәдениетi мен өнер тану ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік мекемесi - «Қазақ мәдениетi мен өнер тану ғылыми-зерттеу институты» қазыналық кәсiпорыны 18. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейi» мемлекеттік мекемесi - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейi» қазыналық кәсiпорыны 19. «Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттік коллекциясы» мемлекеттік мекемесi - «Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттік коллекциясы» қазыналық кәсiпорыны 20. «Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейi» мемлекеттік мекемесi - «Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі» қазыналық кәсiпорыны 21. «Алтын және бағалы металдар музейi» мемлекеттік мекемесi - «Алтын және бағалы металдар музейi» қазыналық кәсiпорыны 22. «Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар музейі» мемлекеттік мекемесi - «Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар музейi» қазыналық кәсiпорыны 23. «Республикалық кiтап музейi» мемлекеттік мекемесi «Республикалық кiтап музейi» қазыналық кәсiпорыны 24. «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенi» мемлекеттік мекемесi - «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенi» қазыналық кәсiпорыны 25. «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалардың дирекциясы» мемлекеттік мекемесi - «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалардың дирекциясы» қазыналық кәсiпорыны 26. «Көрмелер мен аукциондар дирекциясы» мемлекеттік мекемесi «Көрмелер мен аукциондар дирекциясы» қазыналық кәсiпорыны 27. «Ұлттық тарихи-мәдени «Ордабасы» қорығы мемлекеттік мекемесi «Ұлттық тарихи-мәдени «Ордабасы» қорығы қазыналық кәсiпорыны болып қайта құрылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |