|
|
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің ҚР Үкіметінің 31.01.02 ж. № 139 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1959 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1558 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысы арасында міндеттерді бөлу Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қ.К.Тоқаев Yкiметтiң қызметiне басшылық жасау. Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi. Мемлекетаралық қатынастар және халықаралық ынтымақтастық мәселелерi. Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру. Әлеуметтiк және құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiру. Шетелдiк инвестицияларды тарту, экспорттық бақылау, мемлекеттік материалдық резервтер, шағын және орта кәсіпкерлiк, төтенше жағдайлар мәселелерi. Үкiметтiң кадр мәселелерi. Мемлекеттік билiктi орталықсыздандыру мәселелерi. Сыртқы iстер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Әдiлет министрлігінiң, Мемлекеттік материалдық резервтер жөнiндегі агенттiктiң, Қаржы полициясы агенттiгiнiң, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ Мәсімов Экономиканы жедел басқару, экономикалық даму, қаржы, салық және тариф саясаты мәселелерi. Өнеркәсiптi, ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсiп кешенiн және құрылысты дамыту мәселелерi. Көлiк және коммуникацияларды дамыту мәселелерi. Үкiметтiң халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдарымен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету. Ұлттық Банкпен өзара iс-қимыл жасау. Экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң жұмысына басшылық жасау. ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестiру. Астана қаласы жаңа орталығының құрылысын салу жөніндегі мемлекеттік комиссияға басшылық жасау. Қаржы министрлігінiң, Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң, Экономика және сауда министрлігінiң, Ауыл шаруашылығы министрлігінiң, Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттіктiң, Статистика жөніндегі агенттiктiң, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетов Әлеуметтiк саланы дамыту мәселелерi. Білім берудi, мәдениеттi, ғылымды, денсаулық сақтауды, спорт пен туризмдi дамыту мәселелерi. Ұлтаралық қатынастар, көшi-қон және демографиялық саясат, әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссияның мәселелерi. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияға басшылық жасау. Білім және ғылым министрлігінiң, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң, Денсаулық сақтау министрлігінiң, Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiктiң, Туризм және спорт жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С.Школьник Энергетикалық секторды және кен-металлургия кешенiн дамыту мәселелерi. Экология, табиғи ресурстарды пайдалану, геология, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау мәселелерi. "Байқоңыр" ғарыш айлағының мәселелерi. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң қызметiне басшылық жасайды. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінiң Басшысы А.А.Тiлеубердин Үкiметтiң шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру. Yкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Yкiметтiң аймақтық саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Үкiметтiң облыстар әкiмдерiмен жұмыстағы өзара iс-қимылын қамтамасыз ету. Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшiлiгiмен және Парламент палаталарының аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерi. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады. Жұмыста болмаған кезеңде өзара ауысуы: К.Қ.Мәсiмов - В.С.Школьник К.Қ.Мәсiмов - И.Н.Тасмағамбетов
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |