Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы (2010.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар) 2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін (6-9 баптар) міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету 3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін (10-18 баптар) міндетті сақтандыру шарты 4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары (19-21 баптар) 5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның (22-29 баптар) және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау 6-тарау. Қорытынды ережелер (30-31 баптар) Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілді); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган өзi белгiлеген тәртiпке сәйкес аккредиттеген, мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; 2) «бонус-малус» жүйесi - көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеген кезде осы жүйе бойынша тиiстi сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кiнәсiнен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай оған арттыратын немесе төмендететiн коэффициенттердi қолдану арқылы пайдаланылатын жеңiлдiктер мен үстемеақылар жүйесi; 3) жәбiрленушi - көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген, оны өтеу жөніндегі мiндет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген тұлға; 4) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға; 5) кешендi шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты; 5-1) тәуелсіз сарапшы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген, бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; 6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi; 7) көлiк құралын пайдалану - көлiк құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға iргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану; 7-1) тікелей реттеу - көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемін жүзеге асыру тетігі; 8) көлiк құралының иесi - көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкіміне орай көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхатпен және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға; 9) көлiк оқиғасы - көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға, сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян; 10) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 11) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға; 12) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 13) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 14) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 15) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға; 16) сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға; 17) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады; 18) стандартты шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты; 19) тiкелей реттеу - көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеудi жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тетiгi.
2-бап. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады. 4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін міндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi 1. Көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады. 2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: жәбiрленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қорғауды қамтамасыз ету; көлiк құралын оның иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегі сақтандыру полисi болған кезде пайдалану; тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету; көлiк құралдары иелерінiң жол жүрiсi қауiпсіздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделілігi болып табылады. 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мынадай көлiк құралдары: 1) iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттік тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдерi, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк және олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар; 2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) көлiк құралы; 3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендiк бақылау органдарынан тiркеу орнына өз бетiнше жүргiзiлiп әкелiнген, сондай-ақ iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшесi көлiк иесiнiң тұрғылықты жерiнiң өзгеруiне немесе меншiк құқығының өзгеруiне байланысты тiркеуден шығарған көлiк құралы иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады. 2. Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды. 3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты, басқа мемлекетте тiркелген, иесi осы мемлекет пен Қазақстан Республикасының арасында жасалған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын көлiк құралдары иелерi жауапкершiлiгінiң сақтандыру шартын жасаған көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына енген жағдайда жасалмайды. 4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде мемлекеттік тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерiмен көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалмайды. Осы тармақта аталған иелердiң көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде жәбiрленушiлерге келтiрген зияны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтеледi. 5. Өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруына орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт жасасу негiзiнде не мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатпайды. 2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету 6-бап. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 2. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетінің орындалуына мемлекеттік бақылауды ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу және жол жүрісі ережелерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру кезінде жүзеге асырады. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырылды; 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды Мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
7-бап. Көлік құралын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз пайдалануға жол бермеу 1. Иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Көлiк құралын жүргiзетiн адам көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн өзiмен бiрге алып жүруге және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес уәкiлеттігі бар жол полициясының қызметкерлерiне және көлікті бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына тексеру үшiн оны көрсетуге мiндеттi. Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлімшелері және көлікті бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде көлiк құралын жүргiзушi адамнан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн көрсетуiн талап етуге мiндеттi. 8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға: 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетiлген Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен оның акционерi болуға; 2) осы Заңда және өкілдер кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының ішкі ережелерінде айқындалған тәртіппен және жағдайда өкілдер кеңесінің құрамына кіруге; 3) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі деректер базасын (бұдан әрi - деректер базасы) қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерiн алу туралы шарт жасасуға мiндеттi. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жыл сайын жариялауға міндетті. 3. Бәсекелестiктi шектеуге немесе болғызбауға, бiр сақтандырушыға екiншi сақтандырушының алдында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөнiнде негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi. 4. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен тақырып жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-1. Деректер базасы 1. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Деректер базасы - сақтанушы, сақтандырылушы және сақтандырушы туралы ақпараттың жиынтығы. Сақтандыру есебі - деректер базасындағы ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны. Сақтанушы мен сақтандырылушы деректер базасының субъектілері болып табылады. 3. Деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушылардың кемінде жетпіс проценті болып табылатын қатысушылары бар ұйым ғана жүзеге асыруға құқылы. Ұйым деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру функцияларын сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптылықта болады. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйым: 1) ақпарат жеткiзушiлермен ақпарат беру туралы және (немесе) сақтандыру есептерiн алушылармен сақтандыру есептерiн алу туралы шарттар жасасуға; 2) ақпарат жеткiзушiлерден сақтандыру есептерiн қалыптастыратын толық және шынайы ақпаратты талап етуге; 3) ақпарат жеткiзушi берген ақпаратты, оның дұрыс немесе толық ресiмделмеуiне, ақпарат жеткiзушiнiң, сақтандыру есебiн алушының, деректер базасы субъектiсiнiң деректерi пайдаланылатын ақпараттық жүйенiң талаптарына сәйкес келмеуiне байланысты, оны деректер базасында пайдаланбастан қайтаруға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 4-2-тармақпен толықтырылды 4-2. Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйым: 1) сақтандыру есептерiн қалыптастыруды жүзеге асыруға; 2) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен сақтандыру есептерiн ұсынуға; 3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептеріндегі ақпараттың ашылуына жол бермеуге; 4) егер алушыға берiлген сақтандыру есебiнде деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйым қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiктерi салдарынан деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға ақпарат жеткiзушiлер ұсынған ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, көрсетiлген сәйкессiздiк анықталған кезден бастап, бес жұмыс күнi iшiнде сақтандыру есебiн алушыға және деректер базасының субъектiсiне түзетiлген сақтандыру есебiн ұсынуға мiндеттi. Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйым берген сақтандыру есебiнiң сәйкессiздiгi фактiсiн ақпарат жеткiзушiнiң растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебiн алушыға және деректер базасының субъектiсiне түзетiлген сақтандыру есебiн ұсыну мерзiмiнiң есептелуi деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйым ақпарат жеткiзушiден тиiстi ақпаратты осы баптың 7-тармағының 7) тармақшасында белгiленген мерзiмде алған кезден бастап жүзеге асырылады; 5) деректер базасы субъектiсiнiң өтiнiшi бойынша, оған деректер базасының субъектiсi дау айтып отырған ақпаратты берген ақпарат жеткiзушi туралы мәлiметтер ұсынуға; 6) егер сақтандыру есебiн ұсыну туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалса, оны ұсынудан бас тартуға; 7) сақтандыру есептерiн ұсыну туралы сауал салуды есепке алу мен ұсынылған сақтандыру есептерiн есепке алуды жүргiзуге; 8) ақпарат жеткiзушiге, тиiстi негiздер болған жағдайда, қайта ресiмдеуге немесе нақтылауға жататын келiп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен жүгiнуге; 9) ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға; 10) осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткiзушiлерге деректер базасының ақпараттық ресурстарын құруға қатысуда және оған қол жеткiзуде тең жағдайларды қамтамасыз етуге; 11) уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамаcында көзделген өзiнiң функцияларын iске асыру мақсатында сұратқан ақпаратты, оның iшiнде: осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткiзушiлердiң, берiлуi осы Заңмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен талап етiлетiн ақпаратты бермегенi, уақтылы бермегенi не толық көлемде бермегенi туралы ақпаратты; осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткiзушiлермен осы Заңның 19-бабының талаптарын бұза отырып есептелген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi туралы ақпаратты беруге; 12) уәкiлеттi органның деректер базасына қол жеткiзуiне жағдай жасауға; 13) субъект өтiнiш жасаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оған деректер базасынан мiндетiне көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша мәлiметтердi деректер базасына енгізу кiретiн сақтандырушының (ақпарат берушiнiң) сақтанушымен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты туралы мәлiметтердiң бар екендiгi туралы ақпаратты беруге; 14) жәбiрленушiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның жазбаша өтiнiшiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлiк оқиғасына кiнәлi болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар не жоқ екендiгi туралы мәлiметтердi жазбаша түрде беруге; 15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шарттарда белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi. 5. Деректер базасын қалыптастыру үшін: 1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар; 2) ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар ақпаратты жеткізушілер болып табылады. |