Әлеуметтік корғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға каржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., №29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1047 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі
1. Осы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау тәртібін айқындайды. 2. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражат мыналарға бөлінеді: 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан білім алушыларға; 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға. 3. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат: 1) жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде көзделген жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға арналған шығыстардың сомасынан кемінде бір пайыз мөлшеріндегі аударымдар; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдары беретін ақылы негіздегі тауарлардан (жұмыстардан, қызметтерден) түскен түсімдер; 3) демеушілік және қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар мен қайырмалдықтар есебінен құралады. 4. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат: 1) киім, аяқ-киім, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға; 2) жергілікті оқыту бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруға; 3) қаржылай көмек көрсетуге; 4) санаторлық-курорттық ұйымдар мен демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға; 5) білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға қатысуына жұмсалады. 5. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражат олардың ата-аналарының не қорғаншысының (қамқоршысының) немесе кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініштері негізінде бөлінеді. Өтінішке растайтын мынадай кұжаттар қоса тіркеледі: 1) отбасы кұрамы туралы мәліметтер; 2) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер; 3) жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер. 6. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шықкан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау білім беру ұйымдарында құрылған алқалы басқару органдарының келісімі бойынша қабылданатын білім беру ұйымының бірінші басшысы шешімнің негізінде жүзеге асырылады. 7. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді. 8. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін түсімдерді есепке алу мен есептілігі және қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
|