Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 168 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды қамтамасыз етсін: 1) Қазақстан Республикасының халқына (ересектер мен балаларға) офтальмологиялық көмекті ұйымдастырсын және көрсетсін; 2) мамандандырылған консультациялық-диагностикалық кабинеттердің: глаукома, тамырлық және көз онкопатологиясы, балалардың көруін сақтау, облыстық көз консультациялық-диагностикалық орталықтардың не көп бағдарлы ауруханалардың жанындағы көз амбулаториялық микрохирургиясы бөлімшелерінің және күндізгі көз стационарларының жұмысын; 3) балалар мен ересектердің офтальмологиялық патологиясын уақытылы диагностикалауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|