|
|
|
Қазақстан Республикасының (2016.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат): 1) 10-бапта: 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) кәсiпкерлiк қызметтi, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттардан және хабарламалардан басқа, қандай да бір рұқсаттар алмай не хабарламаларды жібермей жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы;»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, меншікті қорғау, ұлттық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызметтің немесе әрекеттің (операцияның) қауіптілік деңгейіне қарай «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, сәйкестікті міндетті растау жөніндегі талаптар мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, рұқсат беру тәртібі белгіленеді.»; 2) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Егер дара кәсіпкер лицензиялануға жататын қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы міндетті. Лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі дара кәсіпкерлерге лицензиялар берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.»; 3) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болады және ол алып қойылған, қолданыс мерзiмi өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.»; 4) 49-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацындағы «рұқсатсыз (лицензиясыз)» деген сөздер «лицензиясыз» деген сөзбен ауыстырылсын; 5) 159-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қажеттi рұқсатты алмай не рұқсаттың қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады.». 2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат, № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 г. № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 12-бап мынадай мазмұндағы 17-20) тармақшамен толықтырылсын: «17-20) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;»; 2) 13-баптың 1-тармағында: 18-2) тармақша алып тасталсын; 18-4) тармақшадағы «және бекітеді» деген сөздер алып тасталсын. 3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 36-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын: «20-1) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын бекітеді;»; 2) 37-баптың 1-тармағында: мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын: «4-2) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;»; 5-1) және 6) тармақшалар алып тасталсын; 6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6-1) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын әзірлейді;»; 3) 40-баптың 2-тармағында: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) осы Кодексте белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру, оны ұзарту және қайта ресімдеу, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтату;»; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) салық органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растау;»; 4) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге;»; 5) 66-бапта: 6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да сарқынды суларды жерүстi су объектiлеріне, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жер бедеріне ағызу;»; 8-тармақта: бірінші абзацта: «тазартылған» деген сөз алып тасталсын; «объектiлерiне» деген сөзден кейін «, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жер бедеріне» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі бар жеке немесе заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.»; 9-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) суды беруге өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі;»; мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын: «5) жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы; 6) су пайдаланудың шарттарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерімен келісімі бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.»; 10-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;»; 4) тармақшадағы «көшірмесін ұсынады.» деген сөздер «көшірмесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: «6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулерді; 7) жерүсті және (немесе) жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны; 8) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесін ұсынады.»; мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын: «10-1. Уәкілетті органның өңірлік органдары тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалануға арналған арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сауал жібереді. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның өңірлік органына оң не теріс қорытынды ұсынуға міндетті.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Арнайы су пайдалануға рұқсатты уәкілетті органның өңірлік органдары өтiнiш берушi осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берген күннен бастап жиырма төрт жұмыс күнінен кешiктiрмей бередi.»; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындалады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Заңды тұлға атауының өзгеруі және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгеруі, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгеруі, дара кәсіпкерді қайта тіркеу жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтінішінің негізінде арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді талап етеді. Өтініш уәкілетті органның өңірлік органына өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заңды тұлға атауының өзгергені және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгергені, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгергені, дара кәсіпкердің қайта тіркелгені туралы растайтын құжаттар қоса беріле отырып жіберіледі. Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде оның нөмірі, шарттары және қолданыс мерзімі өзгеріссіз қалады. Рұқсат беру құжатының жоғарғы оң жақ бұрышына «Қайта ресімделді» деген белгі соғылады. Арнайы су пайдалану шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға жаңа рұқсат алуды талап етеді.»; мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын: «15-1. Егер су пайдалану шарттары өзгеріссіз қалған жағдайда, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде ұзартылуы мүмкін.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген уәкілетті органның өңірлік органы оның қолданысын мынадай: 1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің анық еместігі анықталған; 2) Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған; 3) осы Кодекстің 74-бабында көзделген су пайдалану құқығы шектелген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады. Тексеру барысында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілер анықталған кезде уәкілетті органның өңірлік органы мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді. Белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органның өңірлік органы бұзушылықты жою фактісін анықтау тұрғысынан қайталап тексеру жүргізеді. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы қайталап тексеруді жүргізген кезден бастап он жұмыс күні ішінде тоқтата тұрудың себебі мен мерзімін көрсете отырып, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы негізінде арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрған жағдайда, уәкілетті органның өңірлік органы рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, жеке немесе заңды тұлғаны хабардар етумен ғана шектеледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатыла тұрған арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын қайта бастау ұсынылған анық емес мәліметтер және анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін немесе осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында негізделген мән-жайлар тоқтатылғаннан кейін жүзеге асырылады.»; 6) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын: «75-бап. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату 1. Арнайы су пайдалану құқығы: 1) су пайдаланушы су пайдалану құқығынан бас тартқан; 2) су пайдалану мерзiмi өтiп кеткен; 3) су пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған; 4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған; 5) су объектiлерi табиғи немесе жасанды түрде жойылып кеткен; 6) су объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен басқа жеке және заңды тұлғаларға ауысқан жағдайларда тоқтатылуға жатады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалану құқығын тоқтату негіздері туындаған жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы жеке немесе заңды тұлғаға арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібереді. 2. Арнайы су пайдалану құқығы: 1) ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бiр жыл бойы пайдаланылмаған; 2) су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған; 3) су ресурстарын мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн пайдалану қажеттiлігi туындаған; 4) арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда, арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру арқылы тоқтатылуға жатады. 3. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру үшін негіздер су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталады. Осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы анықталған бұзушылықтарды жою қажет болғанға дейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеке немесе заңды тұлғаға арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру туралы жазбаша хабарлама жібереді. 4. Уәкілетті органның өңірлік органы арнайы су пайдалану құқығының тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап арнайы су пайдалану құқығы тоқтатылған деп есептеледі. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім су пайдалану шартын бұзу үшін негіз болып табылады.». 4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж. № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»; 2) 171-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) рұқсат беру органдарымен;». 5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 5-тармақтың 1) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды 1) 12-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «2009 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған, ұлттық басқарушы холдингтің ірі акционер ретінде банктің жарғылық капиталына қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің лауазымды адамдарының осындай банктің басқару органына қатысуы өзара байланыстығының жалғыз негізі болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды.»; 2) 13-баптың 1-тармағында: 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент емес алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама алуға;»; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) сауал бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға;»; 3) 20-баптың 1-тармағында: 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент емес алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама ұсынуға;»; мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беруге;»; 4) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»; 5) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімі салықтық өтініш берілген күнге уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша шығарылады.»; 6) 90-баптың 2-тармағында: 5-тармақтың 6) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады 4-1) тармақшадағы «бөлігінде борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы - осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды.» деген сөздер «бөлігінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын: «4-2) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға берген жағдайда - банктің бастапқы құжаттарына сәйкес осындай банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарының құны мен кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру күні борышкерден алынуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы теріс айырма бөлігінде борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы - осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |