Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы (2015.25.04. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары бекітілсін; 2) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері мен түрлері. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек берудің тәртібін айқындайды. 2. Мемлекет білім алу кезеңінде: 1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 2) интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуші және (немесе) білім алушы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға; 3) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмекке арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|