Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы (2017.24.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2017.24.03. № 128 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2010.19.03. № 219 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.06.03. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.10. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.10. № 1058 Қаулысымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.10. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.07.10. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.24.03. № 128 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға үш жүз теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
|