Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республика Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 Қаулысы (2018.26.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 257 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 257 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысымен бекітілген
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 257 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 257 Қаулысымен кіріспесі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды. 1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) - микроқаржы ұйымдарын Заңның 14-бабына және Қағидаларға сәйкес микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізу. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|