“Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 431 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 31 шілдедегі № 653 Қаулысымен күші жойылды
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 5 мамырдағы
№ 431 қаулысымен
бекiтілген
Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және төтенше экологиялық жағдайды (бұдан әрi - ТЭЖ) жариялаудың тәртiбін және оны айқындау өлшемдерiн белгiлейдi.
2. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен айқындамалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада қабылданған терминдер мен айқындамаларға сәйкес келедi.
3. ТЭЖ төтенше экологиялық жағдай мәртебесiн беру көзделетiн аумақтың шекараларын белгілеу мақсатында жарияланады.
4. ТЭЖ жариялаудың негiзгi мiндеттерi:
қандай да бiр жұтау дәрежесiне ұшыраған аумақтың шекараларын айқындау;
ТЭЖ-дiң туындау себептерiн анықтау;
аумақтың экологиялық жай-күйiн айқындау;
ТЭЖ-дiң шығынын, ұлғаю және қайталану мүмкiндiктерiн бағалау;
оны жою жөніндегі қажетті шараларды айқындау;
ТЭЖ-дi жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды бағалау;
ТЭЖ-дiң туындауына себепші болған факторларды бейтараптандыру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу болып табылады.
2. ТЭЖ жариялау
5. ТЭЖ болжанатын экологиялық қолайсыз аумақта бұрын жүргiзiлген зерттеулер бойынша қажетті материалдарды қалыптастыру мақсатында жұмыс тобы құрылады.
6. Жұмыс тобын құруға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бастамашылық жасайды. Жұмыс тобының құрамына:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органның;
білім және ғылым саласындағы уәкілеттi органның;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның;
индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органның;
энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкілетті органның;
ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның;
төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның;
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органның;
қаралатын өңiрдiң жергілiкті атқарушы органының;
үкiметтік емес қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықтың;
басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мекемелердiң өкілдерi кiредi.
7. Жұмыс тобы бұрын жүргiзілген зерттеулер бойынша қолда бар материалдарды қалыптастырады.
8. Жұмыс тобының дайындаған материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беріледi.
9. Жұмыс тобы ұсынған материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган мемлекеттік экологиялық сараптамаға жiбередi.
10. Мемлекеттік экологиялық сараптама ТЭЖ-дi жариялауға негiздеменi басшылыққа ала отырып, экологиялық қолайсыз аумақта ТЭЖ-дi тану немесе танымау туралы көрсетілетін қорытындыны дайындайды.
11. Экологиялық қолайсыз аумақта ТЭЖ-дi таныған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі осы аумақта ТЭЖ жариялайды.
12. Төтенше экологиялық жағдайды жариялауға негiздеме:
1) төтенше жағдайлардың шекараларын айқындау осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жүргiзіледi;
2) халық денсаулығының жай-күйi қоршаған ортаның: осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес атмосфералық ауаның, судың және топырақтың ластануы көрсеткіштерiнiң жиынтығымен бағаланады;
3) атмосфералық ауаның ластануы дәрежесiн бағалау орта тәулiктiк шоғырланулар бойынша жүзеге асырылады. Әрбiр орта тәулiктiк шоғырлану үшiн осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шектi жол берілетiн шоғырланудан өсу еселiгi айқындалады.
Атмосфералық ауаның жиынтық орташа жылдық ластану дәрежесiн кешендi көрсеткiштерi бойынша бағалау осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес жүргiзіледi.
Бұл ретте егер кешендi көрсеткіште заттардың кез келгенi бiр затқа арналған көрсеткiш шамасынан асатын мәнге ие болса, онда бұл жағдайда ластану дәрежесiн бағалау осы зат бойынша да жүзеге асырылады;
4) Ауыз су және рекреациялық мақсаттағы су көздерiнiң санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйi мен ауыз суының қауiпсiздiгi осы Ережеге 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес көрсеткiштер бойынша бағаланады;
5) қоныстану аумақтары топырақтарының радиоакитивтi ластануын экологиялық бағалау осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес негiзгi көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi;
6) радиациялық қауіпсiздiкті бағалау осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес көрсеткіштер бойынша жүргiзіледi;
7) ауа кеңiстiгiнiң ластануын бағалау осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
8) Қалыптасып қойған төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарын анықтау осы Ережеге 11 және 12-қосымшаларға сәйкес химиялық және экологиялық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады;
9) су ресурстарының сарқылу дәрежесiн бағалау осы Ережеге 13 қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
10) теңiз суларының ластану дәрежесiн бағалау осы Ережеге 14 және 15-қосымшаларға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
11) шаруашылық объектілерiнiң әсер ету аймақтарының учаскесіндегі жер асты суларының ластануын бағалау осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес негiзгi және қосымша көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi;
12) топырақтың экологиялық жай-күйiн бағалау осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер және осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес қосымша көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
13) геологиялық ортаның геодинамикалық деформациясын бағалау осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
14) экожүйенiң жұтаңдану және табиғи экожүйе жағдайындағы құрылымдық-функционалдық өзгеру дәрежесiн бағалау осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi;
15) өсiмдiктер әлемiнiң жай-күйiн бағалау осы Ережеге 20-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
16) жануарлар дүниесінің жай-күйiн бағалау осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес жүргізіледi;
17) аумақтардың биохимиялық жай-күйiн бағалау осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi.
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 1-қосымша
Төтенше экологиялық жағдайдың шекаралары
Төтенше экологиялық жағдайлар | Зардап шеккендер (қайтыс болғандар және сыр- қаттан- ғандар) | Тiрші- лiк ету жағдай- лары бұзыл- ғандар | Материалдық залал (ТЭЖ) туындаған күнге ең төменгi есептік көрсеткiш | ТЭЖ аймағы |
Объектiлiк | 10 адамға дейiн | 100 адамнан көп емес | <5000 | Объекті аума- ғының шегінен шықпайды |
Жергiліктік (елдi-мекен, аудан) | 10-50 адам | 100-300 адам | 5000-50000 | Ауданның, облыстың шегінен шықпайды |
Өңiрлiк (облыс) | 50-500 адам | 300-500 адам | 50000-500000 | Облыстың шегiнен шықпайды |
Республика- лық (бiрне- ше облыс- тар, респуб- лика) | >500 адам | >500 адам | >500000 | Бiрнеше облыс- тар, республика. |
Транс- шекаралық | Зақымдаушы факторлары Қазақстан Республикасы шегiнен шығатын ТЭЖ не шетелде болған және Қазақстан Республикасы аумағын шалатын ТЭЖ |
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 2-қосымша
Аумақтың экологиялық жай-күйiн бағалау кезiнде
қолданылатын халық денсаулығының жай-күйiн бағалауға
жариялаған медициналық-демографиялық көрсеткiштер
P/c N | Көрсеткiш | Өлшем |
Экологиялық зiлзала аймағы | Төтенше эколо- гиялық жағдай аймағы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Негізгі көрсеткiштер |
1 | 5 жасқа дейінгi балалар өлiмi құрылымының өсуi және өзгеруi | 1,5 есе және одан астам | 1,3-тен 1,5 есеге дейін |
2 | Құрылымның өзгеруi және өсуi - перинатальдық өлiм | 1,5 есе және одан астам | 1,3-тен 1,5 есеге дейін |
| - нәресте өлiмi | 1,5 одан есе және астам | 1,3-тен 1,5 есеге дейін |
Медициналық-генетикалық көрсеткiштер: |
3 | Жаңа туылған сәбилерде туа бiткен кемiстіктер және iшкi әсерден болатын түсiктердiң ұлғаюы | 1,5 есе және астам | 1,3-тен 1,5 есеге дейін |
4 | Балалар мен ересектер сырқаттарының өзгеруi: жекелеген нозологиялық нысандар және жас топтары бойынша таралу- шылықтардың ұлғаюы, сырқаттану- шылық құрылымының өзгеруi | 2 есе және одан астам | 1,5-тен 2 есеге дейін |
5 | Онкологиялық аурулар (сырқаттанушылық және өлiм): - жекелеген нысандар; | 2 есе және одан астам | 1,5-тен 2 есеге дейін |
| - балалардағы қатерлi iсiктер | 2 есе және одан астам | 1,5-тен 2 есеге дейін |
6 | Аумақтың ластану сипатымен этиологиялық байланысты бейіндік аурулар. | Осындай аурулардың болуы |
Қосымша көрсеткiштер: |
1 | Әйелдердiң ұрпақты болу функциялары бұзылуының ұлғаюы: - жүктілiктiң өтуiмен нәтиже- сiнiң қиындауы (оқиғалардың 1000 жүктiге шаққандағы жиынтық саны)1,2,3 | 2 есе және одан астам | 1,5-тен 2 есеге дейін |
| - босанудың қиындауы (оқиғалардың 1000 жүктіге шаққандағы жиынтық саны); | 2 есе және одан астам | 1,5-тен 2 есеге дейін |
| Ай-күнi жетiп туылған нәресте- лердiң қанағаттанғысыз жай-күйi (АПГАР бойынша бағалау, ай-күнi жетіп туған 1000 нәрестеге шаққандағы оқиғалардың саны) | 2 есе және одан астам | 1,5-тен 2 есеге дейін |
2 | 2500 г дене салмағымен балалардың туылуы жиiлiгi2 | Өлшемдер негiзгi көрсет- кiштер өзгерiстерiнiң білі- ну дәрежесi ескеріле оты- рып, сараптамалық бағалар бойынша белгiленедi. |
3 | Жас нәрестелерде дене салма- ғының, бойының, бас шеңберiнiң өзгеруi, жыныстық байланыстың өзгеруi - бақылау аумақтарындағы ұқсас көрсеткіштерден ауытқуы. | Өлшемдер негiзгi көрсет- кiштер өзгерiстерiнiң білі- ну дәрежесi ескеріле оты- рып, сараптамалық бағалар бойынша белгiленедi. |
4 | Ерлер мен әйелдердiң өмiр cүpу ұзақтығы: | E | Ә | Е | Ә |
| - Бақылау аумақтарындағы ұқсас көрсеткiштерден артта қалу, жылдармен: | |
| - 15 жаста; | 3,4-тен астам | 2,5-тен астам | 3,4 | 2,5 |
| 35 жас | 2,5-тен астам | 2,0-тен астам | 2,5 | 2,4 |
| 65 жас | 2,0-тен астам | 1,7-тен астам | 2,0 | 1,8 |
5 | Аналар өлiмі: - бақылау аумақтарымен салыстырғанда ұлғаюы4 | Өлшемдер негiзгi көрсет- кiштер өзгерiстерiнiң білі- ну дәрежесi ескеріле оты- рып, сараптамалық бағалар бойынша белгiленедi. |
6 | Балалардың физикалық дамуы: оларды 7-10 жыл бұрынғы өңiр- лiк стандарт бойынша бағалау кезiнде физикалық дамуының ауытқуы бар балалар үлесiнiң ұлғаюы5 | 50% және одан да көп | 30-дан 50% дейiн |
7 | Балалардың психикалық дамуы: психикалық дамуының ауытқуы бар балалардың үлесi | 20% және одан да көп | 10-нан 20% дейiн |
8 | Генетикалық бұзылу: адам клет- каларындағы генетикалық бұзы- лулар жиiлігінiң ұлғаюы (хро- мосомды аберрациялар, ДНК-ң үзiлуi және т.б.) | 3 есе және одан да көп | 3 есеге дейiн |
| Ауадағы, судағы және ортаның басқа да құрамдас бөлiктерiн- дегi сынамаларында мутогендiк жиынтық әсерлердiң деңгейiн асырған кезде | 3 есе және одан да көп | 3 есеге дейiн |
9 | Иммундық мәртебенiң өзгеруi: иммунграммада морфологиялық және гуморальдық көрсеткіштер бойынша білiнетiн ауытқуы бар адамдар санының ұлғаюы | Өлшемдер негiзгi көрсет- кiштер өзгерiстерiнiң білі- ну дәрежесi ескеріле оты- рып, сараптамалық бағалар бойынша белгiленедi. |
10 | Адамның биосубстраттарында уытты химиялық заттардың (қан, зәр, шаш, тiс, слекей, плацента, ана сүтi және т.б.) болуы, жол берiлетiн биологиялық деңгейден асуы. | 25-қосымшаға сәйкес |
1 1, 2-тармақтарға: қалалық және ауылдық тұрғындар үшiн
жекелеп алғанда 5 жылғы деректер бойынша 30 мың адамнан кем емес
және 3 жылға 50 мың адамнан кем емес халқы бар аумақтардағы
(фондық) бақылаулықпен салыстырғанда орташа мәннің артуы.
2 1, 2-тармақтарға: нәрестелер өлiмiнiң әдеттi құрылымының
өзгеруi де ескеріледi.
3 негiзгi көрсеткiштердiң 1-тармағына: өлi туылған және
туылғаннан кейiн бiрiншi аптада шетiнегендер санының туылғандардың
(тiрi және өлi) жалпы, санына мыңға көбейтiлген қатынасы.
4 қосымша көрсеткiштердiң 5-тармағына: балалардың физикалық
дамуын бағалауды когорттық және орталық әдiстердi пайдалана отырып
жүргiзу ұсынылады.
5 6-тармаққа: бұл көрсеткiштi пайдалану кезiнде әсер етiп
тұрған зиянды этитропты фактордың сипаттамасы және сырқаттану
оқиғаларының таралу үрдiсi ескеріледi. Бұл ретте тұрмыстық улану
және басқа да жазатайым жағдайлар ескерiлмейдi.
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 3-қосымша
Атмосфералық ауаның орташа тәулiктiк
шоғырлану бойынша ластану дәрежесiн
бағалауға арналған көрсеткiштер
Қауіп- тілік сыныбы | Экологиялық зiлзала | Төтенше экологиялық жағдай |
К | тәулiктердің саны (N) К-мен | К | тәулiктердің саны (N) К-мен |
I | >3 | 7<N<20 қатарынан | 2-3 | 7<N<20 қатарынан |
II | >5 | 7<N<20 қатарынан | 3-5 | 7<N<20 қатарынан |
III | >7,5 | >30 қатарынан | 5-7,5 | >30 қатарынан |
IV | >12 | >30 қатарынан | 8,12 | >30 қатарынан |
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 4-қосымша
Атмосфералық ауаның кешендік көрсеткiш
бойынша орташа жылдық ластануын бағалау
Заттар саны үшін Р | Өлшем | Салыстырмалы қанағаттан- дырарлық жағдай |
экологиялық зiлзала | төтенше экологиялық жағдай |
1 зат | 16-дан астам | 8-16 | 1 |
2-4 зат | 32-ден астам | 16-32 | 2 |
5-9 зат | 48-ден астам | 32-48 | 3 |
10-16 зат | 64-тен астам | 48-64 | 4 |
16-25 зат | 80-нен астам | 64-80 | 5 |
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 5-қосымша
Орталықтандырылған сумен жабдықтаудың ауыз
суымен байланысты санитарлық-эпидемиологиялық
жағдайды бағалауға арналған көрсеткiштер
Р/с N | Көрсеткiш | Өлшем | Салыстырмалы қанағаттан- дырарлық жағдай |
экологиялық зiлзала | төтенше экологиялық жағдай |
1 | Жалпы микробтық сан (1 мл-дегi бактериялар тiз- бегiн түзуші сан) | 250-ден астам | 50-250 | 50-ден аспайтын |
2 | Жалпы колиформды бактериялар (100 мл-дегі бактерия- лар саны)1 | 10-нан астам | бірлі- жарым кездесуi | жоқ |
3 | Жылуға төзiмдi ко- лиформды бактерия- лар (100 мл-дегі бактериялар саны)2 | 10-нан астам | бірлі- жарым кездесуi | жоқ |
4 | Колифагтар (100 мл-дегi тостағанша түзушi бірліктер (ТТБ) саны) | 10-нан астам | 10-нан аз | жоқ |
5 | Сульфитредуциялай- тын клостридтердің споралары (20 мл- дегі споралардың саны)3 | 10-нан астам | бірлі- жарым кездесуi | жоқ |
6 | Лямблялардың цист- тері (50 мл-дегі цисттер саны)4 | 100-ден астам | 1-100 | жоқ |
1 Бiр жыл iшiнде зерттелетiн сынамалардың саны 100 ден кем
болмаған кезде, 12 ай iшiнде сыртқы және iшкi су өткiзгiш желілердiң
су айырық нүктелерiне алынатын сынамалардың 95%-да жалпы колиформды
бактериялар бойынша норматив шегiнен шығуға жол берілмейді.
2 Жылуға төзiмдi колиформды бактерияларды айқындау кезiнде
iрiктелген сынаманы 100 мл-ден 3 мәрте зерттеу жүргiзіледi.
3 Сульфитредуциялайтын клостридтер спораларын айқындау су
өңдеу технологиясының тиімдiлігін бағалау кезiнде жүргiзіледi.
4 Лямблялардың цисттiн айқындау жер бетi су көздерiнен сумен
жабдықтау құрылыстары суының сынамаларында суды бөлу желiсiне
берердiң алдында ғана жүргізіледі.
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 6-қосымша
Ауыз судың және ауыз сумен жабдықтау
көздерiнiң химиялық заттармен ластануының
санитарлық-эпидемиологиялық қауiптілiгiн
бағалауға арналған көрсеткiштер1
Р/с N | Көрсеткiш | Өлшем | Салыстырмалы қанағаттан- дырарлық жағдай |
эколо- гиялық зiлзала | төтенше эколо- гиялық жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Негізгi көрсеткiштер: |
1.1 | Бiріншi қауiптілiк сыны- бындағы уытты заттар құрамы (төтенше қауiптi заттар): ШЖШ нормативтерiне еселiк бериллий, сынап, бенз(а)-пирен, линдан, 3, 4, 7, 8 - диоксин2, дихлорэтилен, сын-апди- этилi, галлий, қорғасын- тетраэтилi, қалайы тет- раэтилi, трихлорбифенил | >3 | 2-3 | гигиеналық нормативтер шегiнде (ШЖШ) |
1.2 | Екiншi қауiптілiк сыны- бындағы уытты заттар құ- рамы (қауiптілiгi жоғары заттар): - алюминий, ба- рий, бор, кадмий, молиб- ден, күшән, нитриттер, қорғасын, селен, стронций, цианидтер, ШЖШ-мен | >10 | 5-10 | гигиеналық нормативтер шегiнде (ШЖШ) |
2. Қосымша көрсеткiштер: |
2.1 | Үшіншi және төртiншi қа- уіптiлiк сыныптарындағы уытты заттар құрамы (қа- уiптi және қалыпты қа- уiптi заттар): аммоний, никель, нитраттар, хром, мыс, марганец, мырыш, фенолдар, мұнай өнiмдерi, фосфаттар, (ШЖШ-мен) | >15 | 10-15 | гигиеналық нормативтер шегiнде |
2.2 Физикалық-химиялық қасиеттерi: |
2.2.1 | рН | <4 | 4-6 | 6-9 |
2.2.2 | Фенольды индекс (мг/л) | >0,75 | 0,75- 0,25 | 0,25 |
2.2.3 | Беткi-белсендi заттар (ББЗ), анионды белсен- ділер (мг/л) | >2,5 | 2,5-0,5 | <0,5 |
2.2.4 | Жалпы минералдану (құрғақ қалдық, мг/л) | >5000 | 5000- 1000 | <1000 |
2.2.5 | Жалпы қатаңдық (мг-экв./л) | >21 | 21-7 | <7 |
2.2.6 | Жалпы альфа-радиоак- тивтiлiк (Бк/л) | >0,5 | 0,5-0,1 | <0,1 |
| Жалпы бета-радиоак- тивтілік (Бк/л) | >5 | 5-1 | <1 |
2.3 Органолептикалық сипаттамалар: |
2.3.1 | Иiсi және дәмі, баллдар | >4 | 4-2 | <2 |
2.3.2 | Лайлылық (ЛФМ) | >5 | 8-2,6 | <2,6 |
| Лайлылық (мг/л, каолин бойынша) | >4,5 | 4,5-1,5 | <1,5 |
2.3.3 | Жүзетін қоспалар (үлбiр- лер, майлы дақтар және т.б.) | көрі- нетiн ауданның 2/3-не дейiн бояулы қабыр- шақтар | айқын жолақтар немесе күңгiрт түсті дақтар | Жоқ |
1 Ауыз сулық мақсаттағы су көздерi ластануының қауiптілiк
дәрежесi заттардың шектi шоғырлануының су бөгендерінің санитарлық
режимiне әсерi және су тазартудың пайдаланылып отырған
технологиялық схемасының кедергiлiк қабiлетi ескерiле отырып
бағаланады.
2 Диоксиндер үшiн жол берiлетiн деңгей 0,02 нг/л-дi құрайды.
Түсініктеме: 7-қосымшада көрсетiлмеген заттармен ластану
қауiптілiгiн бағалау, 2004 жылғы 28 маусымдағы № 506
"Орталықтандырылған жер бетi суын ластанудан қорғау жөніндегі
санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға" сәйкес жүргiзiледi.
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 7-қосымша
Ауыз сулық мақсаттағы су көздерiнiң паразиттiк
ауруларды қоздырғыштармен ластанған судың сапасымен
байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды
бағалауға арналған көрсеткiштер
Р/с N | Көрсеткiш | Өлшем | Салыстырмалы қанағаттан- дырарлық жағдай |
эколо- гиялық зiлзала | төтенше эколо- гиялық жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Су көздерінің суы |
1.1 | Қарапайым зардапты ішек- тік; - лямблялардың дизенте- риялық амебалардың, ба- лантидалардың, криптоспо- ридалардың қабынуы | 1001-- ден астам | 1-100 | Жоқ |
1.2 | Геогельминттер: | | | |
| - аскаридалардың, қылды- рықбастардың жұмыртқа- лары, трихостронгилидтер | 5-тен астам | 1-5 | Жоқ |
1.3 | Биогельминттер: | | | |
| - тениид жұмыртқалары | 10-нан астам | 1-10 | Жоқ |
1.4 | Актиномицеттер КОЕ/дм3 - 1 дм3 судағы колониальдi бірліктердiң құрамы | 10000- нан астам | 100- 10000 | Жоқ |
2. Рекреационды сулар |
2.1 | Қарапайым зардапты iшектiк: - лямблялардың дизенте- риялық амебалардың, ба- лантидалардың, криптос- поридтардың қабынуы1 | 100-ден астам | 1-100 | Жоқ |
2.2 | Геогельминттер: - аскаридалардың, қылды- рықбастардың жұмыртқа- лары, трихостронгилидтер | 5-тен астам | 1-5 | Жоқ |
2.3 | Биогельминттер: | | | |
2.3.1 | Описторхидтердің, дифилло- триидтердiң жұмыртқалары | 100-ден астам | 1-100 | Жоқ |
2.3.2 | Тениидтердiң жұмыртқалары | 10-ден астам | 1-10 | Жоқ |
2.3.3 | Шистосоматидтердiң жұ- мыртқалары (циркориоз қоздырғыштары) | 10-ден астам | 1-10 | Жоқ |
2.4 | Актиномицеттер КОЕ/дм3 - 1 дм3 судағы колониальдi бірліктердiң құрамы | 1000000 астам | 1000- 1000000 | Жоқ, бірлі-жарым кездесуi |
1 1 дм3 судағы қоздырғыштардың саны (цисттер, жұмыртқалар).
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 8-қосымша
Жергілікті жерлер топырақтарының
санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйiн
бағалауға арналған көрсеткiштер
Р/с N | Көрсеткiш | Өлшем | Салыстырмалы қанағаттан- дырарлық жағдай |
эколо- гиялық зiлзала | төтенше эколо- гиялық жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Радиоактивтi заттармен ластану көрсеткiшi, миллиЗиверт - бұдан әрi мЗв | 50-ден астам | 5-50 | 1-5 |
2 | 1 кг топырақтағы гель- минттер жұмыртқаларының құрамы | 100-ден астам | 11-100 | 10-нан аз |
3 | Анаэробтар титрi | 0,0001 | 0,001- 0,0001 | 0,001-0,1 |
4 | Коли-титр | 0,001- ден аз | 0,01- 0,001 | 0,01-1,0 |
5 | 0,25 м2 учаскедегi шыбын жұмыртқалары мен қуыр- шақтарының саны | 100-ден астам | 10-100 | 1-10 |
6 | Экзогендi химиялық зат- тармен ластану көрсеткiшi - ШЖШ-ден асу еселiгi | 100-ден астам | 10-100 | 1-10 |
7 | Топырақтың өздігінен тазару көрсеткiшi - термофилдер титрi | 0,00001- ден аз | 0,00001- 0,00002 | 0,001- 0,00002 |
8 | Хлебниковтың санитарлық саны1 | 0,7-ден аз | 0,7-0,85 | 0,85-0,98 |
1 "Хлебниковтың санитарлық саны" - топырақтағы белоктық азот
мөлшерінің (мүлдем құрғақ топырақтың 100 грамына милиграммен)
органикалық азоттың мөлшерiне (мүлдем құрғақ топырақтың 100 грамына
миллиграммен).
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 9-қосымша
Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауға
арналған көрсеткiштер
Көрсеткiш | Өлшем | Салыстырмалы қанағаттан- дырарлық жағдай |
эколо- гиялық зiлзала | төтенше эколо- гиялық жағдай |
Сәулеленудiң тиiмдi мөлшерi, мЗв/жыл | 10-нан астам | 5-10 | 5-тен аз |
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 10-қосымша
Атмосфералық ауаның ластануын жер бетіндегі
өсiмдiктер мен су экожүйелерiне әсерiн тигiзетiн
заттар бойынша бағалау көрсеткiштерi
Зат | Өлшем | Нормасы | Әсер ету уақыты |
эколо- гиялық зiлзала | төтенше эколо- гиялық жағдай |
Жер бетiндегі өсiмдiктер үшiн ауыспалы деңгейлер |
Күкiрт диоксидi | >200 | 100-200 | <20 | Орташа жылдық |
Азот диоксидi | >300 | 200-300 | <30 | Орташа жылдық |
Фторлы сутек | >20 | 10-20 | <2-3 | Ұзақ уақыттық әсер |
Озон | >1500 | 1000-1500 | <150 | 1 сағат ішін- дегi ең көбi |
Озон | >600 | 400-600 | <60 | 3 сағат ішін- дегі орташасы |
Озон | >500 | 300-500 | <50 | Жыл сайын 1 сә- уiр-30 қыркүйек кезеңіндегі әр- бiр күннiң 9-16 сағаты аралығын- дағы орташасы |
Орман және су экожүйелері үшін ауыспалы жүктемелер |
Күкiрт қосылыс- тары, жылына г/м2 | >5,0 | 3,0-5,0 | <0,32 | Солтүстік және орталық аудандар |
Азот қосылыс- тары, жылына г/м2 | >4,0 | 2,0-4,0 | <0,28 | Солтүстік және орталық аудандар |
Сутегі иондары, жылына г/м2 | >300 | 200-300 | <20 | Солтүстік және орталық аудандар |
Төтенше экологиялық жағдайды