|
|
|
Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 Қаулысымен күші жойылды
Қазақтан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері бекітілсін. 2. «Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 431 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 19, 233-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 31«шілдедегі № 653 қаулысымен Бекітілген
Аумақтардың экол огиялық ахуалын бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16 және 175-баптарына сәйкес әзірленді. 2. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері - халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы. 3. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері төтенше экологиялық ахуал аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын анықтау кезінде пайдаланылады. 4. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын анықтау қолайсыз экологиялық ахуалдың неғұрлым жоғары дәрежесін көрсететін бір немесе бірнеше негізгі және қосымша көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады. 5. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері халық денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйін анықтаудың басқа да мақсатында пайдаланылуы мүмкін. 6. Осы аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерінде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталатын мағыналарда пайдаланылады.
2. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау үшін қолданылатын халық денсаулығының жай-күйін бағалауға арналған медициналық-демографиялық көрсеткіштер
Негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерге мыналар жатады: қоршаған ортаның ластануына байланысты ауру, бала өлімі, медициналық-генетикалық бұзылулар, ерекше және онкологиялық аурулар. Экологиялық қолайсыз аумақтар бойынша медициналық-демографиялық көрсеткіштер осы климаттық-географиялық аймақтардың бақылау (аялық) аумақтарындағы ұқсас көрсеткіштермен салыстырылады. Осындай бақылау (аялық) аумақтары ретінде елді мекендер немесе олардың жеке бөліктері қабылданады, оларда медициналық-демографиялық көрсеткіштердің барынша қолайлы мәндері тіркеледі. Осындай көрсеткіштерді анықтау қолайлы экологиялық (санитарлық-гигиеналық) жағдайы бар бірнеше (үш немесе одан артық) аумақтар бойынша қала және ауыл халқы үшін бөлек ұсынылады. Бірнеше ең аз көрсеткіштердің орташа шамасы бақылау (аялық) мәні ретінде қабылданады. Бақылау шамасы ретінде тек қана республика мен облыс бойынша орташа көрсеткіштерді пайдалануға жол берілмейді. 10 жылғы есептелген көрсеткіштер және (немесе) олардың осы кезең үшін серпіні артығырақ. Антропогенді табиғатты қоршаған ортаның факторларымен этиологиялық байланыстағы салыстырмалы сирек кездесетін аурулар, сондай-ақ ерекше аурулар және денсаулық жай-күйінің басқа да бұзылулары үшін айрықшалық жасалуы мүмкін. Сондай-ақ сараптама жүргізу сәтіне олардың шамасымен салыстыру үшін бақылау сандары ретінде өткен жылдарға аумақ бойынша деректерді пайдалануға рұқсат беріледі. Медициналық көрсеткіштерді есептеу кезінде мемлекеттік медициналық статистиканың, арнайы ақпараттық жүйелердің, жеке аурулар бойынша тіркелімдердің, сондай-ақ популяциялық немесе когорталы зерттеулердің (ұсынылатын ақпараттың сенімхатын ескере отырып) нәтижелері пайдаланылуы мүмкін. Медициналық-демографиялық көрсеткіштер бойынша материалдарды дайындау кезінде толық бастапқы материалды ұсыну міндетті, оның негізінде аумақты экологиялық қолайсыздықтың аймағына жатқызу жөніндегі мәселе қойылады. Ұсынылатын материалдарда "Негізгі көрсеткіштер" және мүмкіндігінше»"Қосымша көрсеткіштер" бөлімі бойынша толық ақпарат болуға тиіс. Аумақтың аталған көрсеткіштерінен басқа, уәкілетті мемлекеттік органдар, өз қалауынша, денсаулықтың жай-күйін және оған қоршаған табиғи орта ластануының әсерін сипаттайтын басқа да кез келген материалдарды ұсынуы мүмкін. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын анықтау экологиялық қолайсыздықтың неғұрлым жоғары дәрежесін көрсететін бір немесе бірнеше негізгі және қосымша көрсеткіштер арқылы жүзеге асырылады.
Ескертпелер: 1, 2-тармақтарға ескертпе: 5 жылғы деректер бойынша кемінде 30 мың адам және 3 жылдағы кемінде 50 мың адам халқы бар аумақта бақылаудағылармен (аялық) салыстырғанда орта мәндерінің асуы, қала және ауыл халқы үшін бөлек. 1, 2-тармақтарға ескертпе: сондай-ақ нәресте өлімінің дәстүрлі құрылымының өзгеруі ескеріледі; негізгі көрсеткіштердің 1-тармағына ескертпе: өлі туылғандар санының қатынасы.
3. Селитебтік аумақтар ауасының ластануы
Ауа бассейні ластануының қолайсыз әсері екі негізгі жолмен болады, олар болатын ықтимал экологиялық зілзаланың аймақтарын зерттеу кезінде ескерілуі тиіс: ластанған ауамен тікелей байланыс нәтижесінде; атмосферадан ластаушы заттардың түсуі және су мен топырақтың қайталама ластануының нәтижесінде. Әсер етудің кеңістік ауқымы ластану көздерінің және әсер ету объектілерінің сипаттамасынан тәуелді өте кең шектерде ауытқиды. Жеке жергілікті көздерден ластаушы заттардың шоғырлануы қоспалардың бытырау және түсу процестерінің нәтижесінде арақашықтықпен тезірек кетеді. Ең көп шоғырланулар құбырдың шамамен 20 биіктігінің арақашықтығында белгіленеді. Сондықтан, осындай көздерден адам денсаулығы үшін қауіпті шоғырланулар, әдетте, 10-100 км2 аспайтын ауданда байқалады. Адаммен салыстырғанда атмосфераның ластануына сезімталдығы бірнеше есе жоғары болатын қылқан жапырақты ормандар үшін өсімдіктің зақымдану алаңы 100-1000 км2 дейін жетуі мүмкін. Ірі өнеркәсіптік агломерацияларда жеке көздерден ластанудың жиналуы болады және қолайсыз әсердің жалпы алаңы агломерацияның өз алаңына жақын немесе одан асып түсуі мүмкін. Атмосфералық ауа ластануының дәрежесі қауіптілік сыныбын, ауа ластануларының биологиялық іс-әрекетінің сомалануын және ШРШ асуларының жиілігін ескере отырып, ШРШ асуының еселігі бойынша белгіленеді. Қолданыстағы ШРШ сәйкес, ауаның ластану дәрежесін бағалау үшін соңғы бірнеше жылдар бойы, бірақ кемінде 2 жыл іс жүзіндегі ең көп бір жолғы және орта тәуліктік шоғырланулар пайдаланылады. Өлшеулердің нәтижелері әрбір қадағалау бекеті, заты және жылы үшін бөлек өңделеді және ұсынылады. Әрбір зат бойынша кемінде 200 қадағалау (сынама) болуға тиіс: 1) орташа тәуліктік шоғырланулар бойынша атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау; ластану дәрежесін бағалау үшін бірдей уақыт аралығы арқылы 24 сағат ішінде үзіліссіз аспирация немесе ең аз дегенде тәулігіне 4 рет үзілісті аспирация жолымен алынған орташа тәуліктік сынамалар пайдаланылады. Әрбір орташа тәуліктік шоғырлану үшін асудың еселігі»"Е" есептеледі. Сарапталған кезең (жыл) ішінде»"Е" көрсеткіші бойынша есептелген қатар 2.4-кестеде келтірілген өлшемдерге сәйкес бағаланады. Сомалау әсері бар заттар комбинациясы болған кезде келтірілген Отс бол. орташа тәуліктік шоғырлануы (2.2) формулаға ұқсас есептеледі. Бағалау Отс бол. бойынша жүргізіледі. Көрсетілген критерийлері ескере отырып, аумақтар атмосфера ластануының барлық түрлері бойынша материалдар ұсынады, олардың негізінде аумақты осы немесе өзге аймаққа жатқызудың сараптамалық бағасы жасалады.
Орташа тәуліктік шоғырланулар бойынша атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау критерийлері
2) барынша көп - бір жолғы (бір жолғы) шоғырланулар бойынша атмосфералық ауаның ластануын бағалау. Өлшеулер нәтижелерін бағалаудың сенімділігін арттыру және кездейсоқ шамаларды алып тастау үшін материалды статистикалық өңдеу пайдаланылады, ол шоғырланулар вариацияларын ескере отырып, оның сондай мәнін алуға мүмкіндік береді, ол 95% жағдайда есепті шоғырланудың деңгейінде немесе төмен болады (О95). Асудың еселілігі (Е) барынша көп бір жолғы ШРШ (О95) бөлу жолымен (2.1) формуласы бойынша есептеледі: (2.1)
Атмосфералық ауада биологиялық іс-әрекет сомасының әсері бар заттар болған жағдайда (2.2) формула бойынша сомаланған заттардың біреуіне келтірілген шоғырлану (О95бол) есептеледі:
Сомаланатын заттардың комбинациясы үшін атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау келтірілген шоғырлану бойынша жүргізіледі. Осындай заттардың сомасын қауіптіліктің неғұрлым қолайсыз сыныбы бар заттарға келтіру ұсынылады. Ескертпе: 1. Атмосфералық ауаның бенз/а/пиренмен (БАП) ластануының тек қана өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан аумақтарда жетекші мәні бар болуы мүмкін, олар үшін БАП шығарындының бірден бір жетекші құрауышы болып табылады (анод зауыттары, алюминий өнеркәсібі, кокс-пек өнеркәсібі және басқалары); 2. Көрсетілген критерийлер бойынша ластану асып кеткен кезде өлшенген заттар бойынша бір уақытта заттардың физикалық-химиялық қасиеттері туралы деректер ұсынылады.
3) кешенді көрсеткіш бойынша атмосфералық ауаның орташа жылдық ластануын бағалау. Атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың орташа жылдық шоғырланулары есептеледі немесе қалалар мен өнеркәсіптік орталықтар ауасының ластануының жай-күйі туралы бірнеше жылға, бірақ екі жылдан кем емес деректер пайдаланылады. Ауа ластануының дәрежесі заттың орташа жылдық ШРШ асу еселілігін, олардың қауіптілік сыныбын, берілген деңгей шоғырлануларының рұқсат етілген қайталануын, ауада бір уақытта болатын заттардың санын және олардың комбинацияланған іс-әрекетінің коэффициентін ескере отырып, есептеледі. ШРШж орташа жылдық мәндері орташа тәуліктік ШРШот мәні арқылы қатынас бойынша көрінеді:
ШРШж=аШРШ от
"а" коэффициенттерінің әртүрлі заттар үшін мәні:
Ауаның әр түрлі сыныптағы қауіптілік заттарымен ластануының дәрежесі ШРШ бойынша нормаланған олардың шоғырлануларын қауіптіліктің 3-сыныбы заттарының шоғырлануына»"келтірумен"»мына формулаға сәйкес анықталады:
Ш3сын = Шjn
мұнда n-изотиімділік коэффициенті, j - қауіптілік сыныбы (j=1 үшін n=2,3; j= 2 үшін n=1,3, j= 4 үшін n=0,87). ШРШ бойынша нормаланған шоғырланулар шамасы 1-сынып үшін 2,5-тен жоғары, 2-сынып үшін 5-тен жоғары, 3-сынып үшін 8-ден жоғары, 4-сынып үшін 11-ден жоғары, 3-сыныпқа»"келтіру" болған кезде ШРШ бойынша нормаланған шоғырланулар мәндерін тиісінше 3,2; 1,6; 1 және 0,7 көбейту жолымен жүзеге асырылады). Егер атмосфералық ауа қауіптіліктің әртүрлі сыныптарына жататын заттармен ластанған болса, кешенді көрсеткіштің есебі Е жүргізіледі. Кешенді көрсеткіш есебі Е мына формула бойынша жүргізіледі:
E = Sqrt (Sum(K^2j))
мұнда Sqrt (Sum(K^2j)) - 3-сыныптың заттарын осындай шоғырлануларға әкелген ШРШ бойынша нормаланған шоғырланулар квадраттардың сомаларынан квадратты түбір, j-заттың нөмірі. Атмосфералық ауаның жиынтық ластануының дәрежесін бағалау 2.6-кестенің деректеріне сәйкес Е кешенді көрсеткіші бойынша жүргізіледі. Бұл ретте егер кешенді көрсеткіште заттардың кез келгенінде бір зат үшін көрсеткіштің шамасынан асатын мән болса, онда мұндай жағдайда ластанудың дәрежесін бағалау осы зат бойынша да жүзеге асырылады.
Кешенді көрсеткіш бойынша атмосфералық ауаның орташа жылдық ластануын бағалау үшін кешенді көрсеткіш
4. Орталықтандырылған сумен жабдықтаудың ауыз суымен байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау
Сумен жабдықтау көздерінің үдемелі ластануының және рекреациялық мақсаттағы су объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйінің салдарынан ауыз су сапасының адам денсаулығы үшін қауіпті төмендеуі адам мекендейтін орта өзгеруінің маңызды факторы болып табылады және аумақтардың экологиялық қолайсыздық дәрежесін анықтаған кезде маңызды рөл атқарады. Санитарлық-эпидемиологиялық қолайсыздықтың дәрежесі туралы қорытынды жеткілікті ұзақ кезең (кемінде бір жыл) ішінде негізгі көрсеткіштердің қолайсыз мәндерінің тұрақты сақталуы негізінде жасалуы мүмкін. Бұл ретте, әдетте, нормадан ауытқу бірнеше өлшемдер бойынша байқалуы мүмкін, су көздерінің және ауыз судың патогенді микроорганизмдермен және паразитті аурулар қоздырғыштарымен, сондай-ақ ерекше уытты (төтенше қауіпті) заттармен ластану жағдайларын қоспағанда, қолайсыздық туралы қорытынды бір өлшемдер негізінде жасалуы мүмкін болғанда. Су көздерінің және ауыз судың қауіптіліктің үшінші және төртінші сыныптарына жатқызылған заттармен ластануын сипаттайтын көрсеткіштер, сондай-ақ физикалық-химиялық қасиеттер және судың органолептикалық сипаттамалары қосымшаларға жатады. Қосымша көрсеткіштер негізгі көрсеткіштер бойынша анықталған су көздерінің антропогенді үдемелі ластануының дәрежесін растау үшін пайдаланылады.
1) орталықтандырылған сумен жабдықтаудың ауыз суымен байланысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бағалау үшін көрсеткіштер
2) ауыз судың және ауыз сумен жабдықтау көздерінің химиялық заттармен ластануының санитарлық-эпидемиологиялық қауіптілігін бағалау үшін көрсеткіштер.
3) ауыз су мақсатындағы су көздері суының сапасына және паразитті аурулардың қоздырғыштарына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бағалау үшін көрсеткіштер.
5. Елді мекендер топырағының ластануы Селитебтік аумақтар топырағының радиоактивті ластануын экологиялық бағалау мына негізгі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: топырақ үстінен 1 м деңгейдегі экспозициялық мөлшердің қуаттылығы (мкр/сағ) және жеке радиоизотоптар бойынша радиоактивті ластану дәрежесі (Кu/км2). Топырақтың химиялық ластануы химиялық ластанудың жиынтық көрсеткіші бойынша (Zс) бағаланады. Химиялық ластанудың жиынтық көрсеткіші (Zс) қауіптілігі әртүрлі сыныптағы зерттелетін аумақтар топырағының химиялық ластану дәрежесін сипаттайды. Осы көрсеткіш ластанудың жеке құрауыштарының шоғырланулар коэффициенттерінің сомасы ретінде мына формула бойынша анықталады:
Zc= Шci+...+Шcn-(n-1),
мұнда n - анықталатын элементтердің саны; Шсі - ауыр металдар үшін ластанған және»"аялық" топырақтағы і-заттың жалпы үлесін бөлуден болған жекеге тең і-ластаушы құрауыш шоғырлануының коэффициенті. Шығу тегі табиғи емес ластаушы заттар үшін шоғырлану коэффициенті ластаушы заттың жалпы үлесін және оның ШРШ бөлуден болған жеке ретінде анықтайды. Селитебтік аумақтар топырағының экологиялық жай-күйінің қосымша көрсеткіштеріне геноуыттылық және биологиялық ластану көрсеткіштері (патогенді микроорганизмдер саны, коли-титр және құрамында гельминт жұмыртқаларының бар болуы) жатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |