|
|
|
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құрып
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 720 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 17 мамырдағы № 463 қаулысымен бекітілген
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргiзу epежеci
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы "Еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау" және 1997 жылғы 7 мамырдағы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңдарына сәйкес әзiрленген. 2. Ереже еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құрып ақпарат берудiң және мемлекеттік статистика жүргiзудiң тәртібін айқындайды. 3. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында статистикалық есеп жүргiзу "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады. 4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы статистикалық есеп - статистикалық стандарттар негiзiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы жай-күй мен үрдiстер туралы жиынтық деректердi жинау, өңдеу және тарату; 2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік статистикалық есептілік - жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық қадағалау, оның кезiнде жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттамадан алынған мәлiметтерi қамтитын, хабарланатын мәлiметтердiң берiлу мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік статистика органдарына ұсынады; 3) бастапқы құжаттама - еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы жеке фактiлердi, оқиғалар мен құбылыстарды тiркеуге арналған құжаттар; 4) еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкi - бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның функцияларын iске асыруына байланысты құрылатын, мәлiметтер жиынтығы.
2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргiзу
5. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негiзiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiне, сондай-ақ статистикалық деректердi қалыптастыру үшiн статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес статистика органдарына бередi. 6. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы статистикалық есепке алуды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілеттi орган барлық жеке және заңды тұлғалардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы жай-күй мен үрдiстердi сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттілігiн қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырады. 7. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы статистикалық деректер бастапқы құжаттамадан алынған деректердi өңдеу жолымен қалыптасады. 8. Статистика органдары статистикалық деректердi жүргiзу үшiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік статистикалық есептілiк негiзiнде жиналатын ақпаратты пайдаланады. 9. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мемлекеттік статистикалық есептілiктi жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн статистикалық жұмыстар жоспарына және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілеттi органның нормативтік құқықтық кесiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құру
10. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы жиынтық деректердi сақтауды және қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік орган деректер банкiн құрады. 11. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкi еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы статистикалық деректердiң және еңбек қауіпсiздігі мен еңбектi қорғау жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi беретiн ақпараттың негiзiнде қалыптасады. 12. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы деректер банкiнен алынған мәлiметтер жиынтық статистикалық деректердi қалыптастыру үшiн, пайдаланушылардың қалың топтары арасында ресми статистикалық ақпарат ретiнде тарату үшiн пайдаланылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |