|
|
|
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы (2013.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 796 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі бекітілсін. 2. «Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында деректер банкін құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 463 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 252-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 720 қаулысымен бекітілген
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді. 2. Ереже еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми ұйымдастырып жинау; алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандардан алынған немесе тіркелген деректер; бастапқы құжаттама - өндірісте жазатайым оқиғалар туындаған кезде жұмыс беруші жасайтын құжаттар; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкі - бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның функцияларын іске асыруға байланысты туындайтын мәліметтер жиынтығы.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негізінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға ұсынады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар жүйелейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді. ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар өңірлер бойынша ұсынған ақпарат негізінде жиынтық деректерді қалыптастыруды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның статистика жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында деректер банкі құрылады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректерді жеке және заңды тұлғалар статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистиканы жүргізуді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган барлық жеке және заңды тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жай-күй мен үрдістерді сипаттайтын статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган статистикалық ақпаратты тузу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті органның деректер банкінен және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректер негізінде жиналатын ақпаратты пайдаланады. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін статистикалық жұмыстардың жоспарына және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |