Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 28 шілдедегі № 1035 және
Осы редакция 2005 ж. 31 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі № 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім" деген 2-бөлім алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерде: 6-тармақ алынып тасталсын. 2. "Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі бірыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 646 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
|