|
|
|
Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан (ҚР Үкіметінің 15.05.00 ж. № 709; 19.06.01 ж. № 836 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығын, Қазақстан Республикасының "Көшi-қон туралы" және "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 19.06.01 ж. № 836 қаулысымен 1-тармақ өзгерді 1. Қоса берiлiп отырған: Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң тәртібі; Кепiлдiктi және кепiл жарналарды енгiзудiң тәртібі, шарттары мен мөлшерлерi; Азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу жөнiнде делдалдық көмек көрсетудiң тәртібі бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі: қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi еңбек қызметiнiң мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасу туралы ұсыныс енгізсін; жыл сайын жұмыс берушiлер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жалдайтын шетелдiк азаматтарды тұтастай алғанда және мамандықтар тобы бойынша республиканың аумағында жұмыс істеу үшiн тартуға арналған квотаны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге енгiзсiн; жыл сайын жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне шетелдiк жұмыс күшiн тарту және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі берген шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаты болған жағдайда келу визаларын берудi жүргiзсiн. 4. "Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметті лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 924 қаулысының Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 215-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы 1999 жылдың 1 шiлдесiнен бастап қолдануға енгізiледi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысымен бекітілген
Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензиялар берудiң Тәртібі
1. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензиялар берудiң тәртібі
1. Заңды және жеке тұлғалардың шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн осындай қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы болуы тиiс. 2. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі (Алматы қаласы бойынша - Алматы қаласының атқарушы органы) жүргiзедi. 3. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке арналған лицензия: 1) қызмет ауқымы бойынша - қолданылу мерзiмi шектеусiз берiлетiн бас лицензия болып табылады; 2) аумақтық сала бойынша - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі берген шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге арналған лицензия Қазақстан Республикасының шетелдiк азаматтардың келуiне ашық барлық аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде (Алматы қаласынан басқа) қолданылады. Алматы қаласының атқарушы органы берген лицензияның күшi Алматы қаласының аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылады. 4. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар: 1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш; 2) лицензиаттың қызметтiң лицензияланатын түрiмен айналысу құқығына арналған біліктiлiк талаптарына сай екендiгiн растайтын құжаттар; 3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алым енгiзгенін растайтын құжат ұсыну қажет. 5. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгедей көзделмесе, лицензияны Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары сияқты шарттармен алады. 6. Заңды тұлғалардың өтінішi бойынша шешiм бiр ай мерзiмнен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн өтiнiш берiлген күнінен бастап он күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады. 1) қызметтің белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға аталған субъектi үшiн заң актілерімен тиым салынса; 2) лицензиялар туралы заңдарға сәйкес талап етілетiн барлық құжаттар ұсынылмаса; 3) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына алым енгiзiлмесе; 4) өтiнiш берушi белгiленген біліктiлiк талаптарына сай жауап бермесе; 5) өтiнiш берушiге қатысты соттың оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын шешiмi болса берiлмейдi. 8. Лицензия беруден бас тарту туралы шешiм лицензия беру үшiн белгiленетiн мерзiмде өтiнiш иесiне жазбаша түрде жiберiледi. 9. Лицензия иелiктен шығарылмайтын, яғни лицензиат басқа жеке немесе заңда тұлғаға бере алмайтын болып табылады. 10. Лицензияны керi қайтарып алу: 1) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған; 2) сот лицензиатқа қызметтiң оның жүзеге асыруға лицензиясы бар түрiмен айналысуға тыйым салған; 3) ол бойынша лицензиар лицензияның қолданылуын уақытша тоқтатқан себептерi жойылмаған жағдайларда, сот тәртібімен жүргiзiледi. 11. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұруға құқылы. 12. Лицензияның қолданылуы анықталған жолсыздықтар жойылғаннан кейiн лицензиардың шешiмi бойынша жаңартылады, ол туралы лицензиарға жазбаша түрде хабарланады. 13. Лицензия керi қайтарылып алынған немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайларда кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына арналған алым қайтарылуға жатпайды. 14. Лицензиаттың лицензияның тоқтатыла тұруына және керi қайтарылуына байланысты барлық мәселелер бойынша лицензиардан жазбаша түрде растау алуға құқығы бар. 15. Лицензиар лицензияның берiлуi, керi қайтарылып алынуы, қолданылуының тоқтатыла тұруы және жаңартылуы туралы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне, Сыртқы iстер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ақпарат бередi. 16. Лицензияны жоғалтып алған (жоғалған) жағдайда, көшiрме лицензиар белгiлеген шарттарға сәйкес берiледi. 2. Лицензиялық ережелердің сақталуына жауапкершiлiк және оны бақылау
17. Лицензиялық нормалар мен ережелердiң сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі мен оның аумақтық органдарына (Алматы қаласы бойынша Алматы қаласының атқарушы органына) жүктеледi. 18. Лицензия алмастан шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн шетелге шығаруға байланысты қызметке тыйым салынады. 19. Лицензиялық нормалар мен осы Тәртiптi бұзу - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады. 3. Қызметтiң лицензияланатын түрiне қойылатын білiктiлiк талаптары
ҚР Үкіметінің 15.05.00 ж. № 709 қаулысымен 20-тармақ өзгерді 20. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару қызметiне байланысты қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) мынадай біліктілік талаптары қойылады: өтiнiш берушiнiң штатында жоғары және арнайы орта заңгерлік білімi бар кем дегенде бір маманның болуы; үй-жайы, компьютерлерi және еңбек биржасымен, Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жабдықтары болуы. ҚР Үкіметінің 15.05.00 ж. № 709 қаулысымен 21-тармақ өзгерді 21. Шетелдiк жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару қызметiне байланысты қызметке лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) мынадай біліктілік талаптары қойылады: халықты жұмыспен қамту саласында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы; жеке кәсіпкер ретiнде тiркелгендiгi.
ҚР Үкіметінің 19.06.01 ж. № 836 қаулысымен ереже күшін жойды
ҚР Үкіметінің 19.06.01 ж. № 836 қаулысымен 1-қосымша күшін жойды
ҚР Үкіметінің 19.06.01 ж. № 836 қаулысымен 2-қосымша күшін жойды
ҚР Үкіметінің 19.06.01 ж. № 836 қаулысымен 3-қосымша күшін жойды
Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысымен бекітілген
Кепiлдiктi және кепiл жарналарды енгізудің тәртібі, шарттары және мөлшерлерi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 1) кепiлдiктi және кепiл жарналар - жұмыс берушiнiң келісім-шарт аяқталуы бойынша шетелдiк жұмыс күшiн әкету кепiлдiгi; 2) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган - аймақтық (облыстық, қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық) деңгейде жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 3) орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі. 2. Кепiлдiктi және кепiл жарналарды төлеудiң шарттары мен мөлшерлерi
2. Жұмыс берушiлер шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алу үшiн және шетелдiк мамандар мен жұмысшылардың өздерiнiң тұрақты тұратын елiне қайтуын қамтамасыз ету мақсатында кепілдiктi және кепiл жарналар енгiзуге мiндеттi. 3. Кепiлдiктi және кепiл жарналар шетел жұмысшысының тұрақты тұратын елiне қайтуын қамтамасыз етедi және билет құны мен жолдағы тәулiктiк шығыстардың сомасына тең. 4. Кепiлдiктi және кепiл жарнаны орталық атқарушы органның шетелдiк азаматтарды тартуға рұқсат беру туралы бұйрығының негiзiнде Қазақстан Республикасының кез келген банкіндегі жинақ шотына жұмыс берушi енгiзедi. 5. Салымдарға кепілдiктi және кепiл жарнаны салынғанын дәлелдейтiн құжаттарды жұмыс берушiлер шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат алу мақсатында орталық атқарушы органға ұсынады. 6. Кепiлдiктi және кепiл жарнаның сомасының дұрыс есептелуi үшiн уәкiлеттi орган жауапты болады. 7. Кепiлдiктi және кепiл жарнаны енгiзудiң толықтығы мен уақыттылығы үшін жауаптылық жұмыс берушiлерге жүктеледi.
Үкiметінің 1999 ж. 26 маусымдағы № 862 қаулысымен бекітілген
Азаматтарға шетелде жұмысқа орналастыру жөнiнде делдалдық көмек көрсетудiң тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 1) шетелдiк жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын шетелдiк заңды немесе жеке тұлға; 2) еңбек делдалдығы - жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын меншіктің кез келген нысанындағы жеке заңды тұлғалардың тарапынан еңбекке орналастыру кезiнде халыққа жәрдем көрсету; 3) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган - аймақтық (облыстық, қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық) деңгейде жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi органы); 4) орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі. 2. Шетелге жұмысқа орналасуға делдалдық көмек көрсетудiң тәртібі
2. Азаматтардың шетелде өз бетiмен жұмыс iздеуге және еңбекке орналасуға құқығы бар. 3. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар азаматтарға шетелге еңбекке орналастыруда делдалдық көмек көрсете алады. 4. Жеке және заңды тұлғалардың азаматтарға шетелге еңбекке орналастыру жөніндегі делдалдық көмегi: 1) шетелге жұмысқа тұру мүмкiндігi мен жұмыс жағдайлары туралы азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және жеке, толық және анық ақпараттандырудан; 2) шетелдiк жұмыс күшiн жалдағысы келетiн шетелдегі жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер жинаудан; 3) шетелге еңбекке орналасқысы келетiн азаматтар туралы мәлiметтер жинаудан; 4) шетелдiк жұмыс берушi мен азаматтың арасындағы келісім-шартты ресiмдеуден; 5) азаматтарды шетелге шығаруға арналған рұқсат құжаттарын ресiмдеуден; 6) шет елдердегi заңдар мен өзiн өзi ұстау жөнiнде консультациялар беруден тұрады. 6. Жеке және заңды тұлғалар шетелдiк жұмыс берушiмен жұмысшы таңдауда делдалдық қызмет көрсету туралы шарт жасасады. 7. Шетелге еңбекке орналасқысы келетін азаматтар заңды немесе жеке тұлғалармен жұмыс таңдауда делдалдық қызмет көрсету туралы шарт жасасады. 8. Азаматтарға шетелде еңбекке орналасуда делдалдық көмек көрсететін жеке және заңды тұлғалар орналасқан жері бойынша уәкілетті органға ай ай сайын жұмыс күшін шетелге шығару туралы ақпарат жолдауы тиiс. 9. Шетелде еңбекке орналасу жөнiнде делдалдық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалар азаматтардың Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұратын жерiне қайтып келуiне кепiлдiк беруi тиiс. 10. Шетелге шығарылатын азаматтардың жасы 18-ден жас болмауы керек. 11. Уәкiлеттi орган тоқсан сайын орталық, атқарушы органға шығарылатын жұмыс күшi туралы есеп ұсынуға мiндетті. 12. Осы Тәртiптi бұзу - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |