“Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған,
"Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және
Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне сатылатын, сату
бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық
тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 29 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 225-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2005 жылғы 14 сәуiрдегі
№ 355 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес
айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын
аумақта өндiрілген және Қазақстан Республикасы кеден
аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша
айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын
қазақстандық тауарлардың тiзбесi
Р/с N | Атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Экономи- калық қызмет түрлерi бойынша өнiм жiктеуiші- нiң коды |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Ұшқындап от алатын, айнал- малы немесе қайтымды- ілгерілемелi қозғалысты поршеньдi iштен жану қозғалтқыштары, жаңалары | 8407-ден (8407 10, 8407 21, 8407 29, 8407 34 300-ден басқа) | 34.10.1 |
2. | Қысымнан от алатын поршеньдi іштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер), жаңалары | 8408 20-дан, 8408 90-нан (8408 90 290 0- ден басқа) | 29.11.13 |
3. | Отын, май немесе iштен жану двигательдерi үшiн суыту сұйығына арналған сорғылар, жаңалары | 8413 30-дан | 29.12.2-ден |
4. | Ауыл шаруашылығы өнiмдерiне арналған кептiргіштер, жаңалары | 8419 31 000 0-ден | 29.53.15- тен |
5. | Сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды лақтыруға, шашыратуға немесе тозаңдатуға арналған (қолмен басқару тетiгi бар немесе онсыз) механикалық құрылғылар, жаңалары | 8424 81-ден | 29.32.4 |
6. | Топырақты дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары, жаңалары | 8432-ден (8432 80 000 0, 8432 90 000 0-ден басқа) | 29.32.1 |
7. | Пресс-жинағыштарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетiктер, сабанды немесе пiшендi дестелерге буып-түюге арналған престер, пiшен шалғылары, жаңалары | 8433 20-дан, 8433 30-дан, 8433 40-тан, 8433 51 000 0- ден, 8433 52 000 0, 8433 53-тен, 8433 59-дан | 29.32.3 |
8. | Жұмыртқаларды, жемiстердi немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тазалауға, сұрыптауға немесе калибрлеуге арнал- ған машиналар, жаңалары | 8433 60 000 0-ден | 29.32.6 |
9. | Ауыл шаруашылығына, бау-бақшаға, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына немесе омарташылыққа арналған жабдық, механикалық немесе қыздырғыш құрыл- ғылары бар тұқым өсiруге арналған жабдықты қоса алғанда; құс шаруашылығы- на арналған инкубаторлар мен брудерлер, жаңалары | 8436-дан (8436 91 000 0, 8436 99 000 0-ден басқа) | 29.32.6 |
10. | Тұқымдарды, астықты немесе құрғақ бұршақ дақылдарын тазартуға, сұрыптауға немесе калибр- леуге арналған машиналар; ауыл шаруашылық фермала- рында пайдаланылатын жабдықтан басқа, ұн тарту өнеркәсiбiне арналған немесе дәндi немесе құрғақ бұршақ дақылдарын өңдеуге арналған жабдық, жаңалары | 8437-ден (8437 90 000 0- ден басқа) | 29.32.6 |
11. | Трансмиссиялық білiктер (жұдырықшалы және иiндiлердi қоса алғанда) мен қос иiндер, жаңалары | 8483 10-нан | 29.14.22 |
12. | Қатар жүретiн жүргізушi басқаратын тракторлар, жаңалары | 8701 10 000 0-ден | 29.31.1 |
13. | Ауылшаруашылық жұмыстарына арналған шынжыр табанды тракторлар және орман шаруашылығына арналған тракторлар, жаңалары | 8701 30 900 0-ден | 29.52.5 |
14. | Ауылшаруашылық жұмыстарына арналған тракторлар (қатар жүретiн жүргізушi басқаратын тракторларды қоспағанда) және орман шаруашылығына арналған тракторлар, дөңгелектi, жаңалары | 8701 90-нан (8701 90 500 0- ден басқа) | 29.31.2 |
15. | Жүргізушiнi қоса алғанда 10 немесе одан көп адам тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары, жаңалары | 87 02-ден (8702 10 19, 8702 10 99, 8702 90 19, 8702 90 39-дан басқа) | 34.10.3 |
16. | Жеңіл автомобильдер және негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары, жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды қоса алғанда, жаңалары | 8703-тен (8703 10, 8703 21 90, 8703 22 90, 8703 23 90, 8703 24 90, 8703 31 90, 8703 32 90, 8703 33 90, 8703 90-нан басқа) | 34.10.2 (34.10.25- тен басқа) |
17. | Жолсыз жағдайларда пайдалануға арналған өзi аударғыш автомобильдер, жаңалары | 8704 10-нан | 34.10.5 |
18. | Жүктердi тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары, жаңалары | 8704-тен (8704 10, 8704 21 390, 8704 21 990, 8704 22 990, 8704 23 990, 8704 31 390, 8704 31 990, 8704 32 990-нан басқа) | 34.10.4 (34.10.43- тен басқа) |
19. | Жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлiк құралдары (мысалы, авариялық жүк автомобильдерi, автокран- дар, өрт сөндiру көлiк құралдары, автобетонара- ластырғыштар, жолдарды тазалауға арналған автомобильдер, су құю-жуу автомобильдерi, автошебер- ханалар, рентген қондырғы- лары бар автомобильдер), жаңалары | 8705-тен | 34.10.5 |
20. | 8703 тауар позициясының моторлы көлiк құралдарына арналған қозғалтқыштар орнатылған шассилер, жаңалары | 8706 00 910 0-ден | 34.10.45 |
21. | Ауыл шаруашылығына арналған өздiгiнен жүк тиейтiн немесе өздігінен жүк түсiретiн тіркемелер мен жартылай тiркемелер, жаңалары | 8716 20 000 0-ден | 29.32.5 |
Тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ сыртқы экономикалық қызмет
Тауар номенклатурасының кодтарына және Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнімдер жiктеуiшiне (ЭҚТӨЖ) сәйкес өнiм кодымен сияқты, атауымен де айқындалады.