|
|
|
«Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының 2005 жылға арналған
ҚР Үкіметінің 2006.28.12. № 1305 Қаулысымен күші жойылды
«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының 2005 жылға арналған мемлекеттік кадастры бекітілсiн. 2. "Азаматтық және қызметтік қарудың және оның патрондарының 2004 жылға арналған мемлекеттік кадастрын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1304 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысымен бекітілген
АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ МЕН ОНЫҢ ПАТРОНДАРЫНЫҢ 2005 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫ
Кiрiспе
Азаматтық және қызметтік қару мен оның оқтарының мемлекеттік кадастры (бұдан әрi - Кадастр) "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы 339-I Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастрды әзiрлеу, шығару және жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әзiрлендi және жарыққа шығарылады. Заңның 8-бабына сәйкес Кадастр Қазақстан Республикасы аумағында айналымы рұқсат етiлген азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары туралы жүйеге түсiрілген мәлiметтерi бар ресми жинақ болып табылады. Кадастрға азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары туралы мәлiметтердi енгізу оларды мiндетті сертификаттау нәтижесiнiң негiзiнде iске асырылады. Мiндетті түрде сертификаттауға Қазақстан Республикасы аумағында жасалатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін және Қазақстан Республикасынан әкетілетiн азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының барлық моделi жатады. Сертификаттық сынақ, ұсынылған мәлiметтер, құжаттар және қару немесе оның патрондарының үлгілерiн тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде сертификаттау жөніндегі орган бұйымдарды қаруға немесе оқтарға жатқызу туралы шешiм қабылдайды және өтiнiш иесiне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Мемстандарт) белгiлеген нысан бойынша сәйкестiк сертификатын бередi. Мемстандарт сертификаттау процедураларынан өткен қарулар мен оқтар туралы сертификаттау жөніндегi орган ұсынған ақпарат негiзiнде азаматтық және қызметтiк қару мен оның оқтарының үлгілерiнiң тiзбесiн (бұдан әрi - тiзбе) жасайды, олар туралы мәліметтер Кадастрға енгiзіледi. Қарудың моделiн (патронның үлгiсiн) тiзбеге енгізуден бас тарту жағдайында және сәйкестiк сертификатының қолданылуын тоқтатудың қажеттілігі кезiнде Мемстандарт ол туралы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне және сертификаттау жөніндегі органға, шешiм қабылданғаннан кейiн, он күндiк мерзiмде жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Тiзбенi Мемстандарт тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен бiрлесiп бекiтедi. Кадастрды Мемстандарт тiзбенiң негiзiнде қағаз және электронды жеткiзушiде әзiрлейдi және жарыққа шығарады. Кадастрға енгiзілетін өзгерістердi Мемстандарт бекітілген тәртiппен жариялайды. Кадастр мынадай бөлiмдерден тұрады: 1) отандық өндiрiстiң азаматтық қаруы мен оның патрондары; 2) шетелдiк өндiрiстің азаматтық қаруы мен оның патрондары; 3) қызметтiк қару мен оның патрондары; 4) қаруды өндiру кезiнде технологиялық мақсаттарда пайдалануға арналған сынақтық, үлгілік және басқа да патрондар. Осы басылымда нұсқаулықтың 3 тармағында қарастырылған "Тек экспорттау үшiн ғана жасалатын қару мен оның патрондары" бөлiмi жоқ, себебi Қазақстан Республикасында азаматтық және қызметтiк қарудың (патрон түрлерiнiң) берілген түрi өндiрілмейдi. Кадастрға қару мен патрондар туралы мынадай мәлiметтер енгізіледi: 1) отандық өндiрiс шығарған: қару мен пайдаланатын патрондар моделiнiң (патрондар үлгiсiнiң) атауы мен белгіленуi; қару мен патрондардың негізгi техникалық көрсеткiштерi; әзiрлеушi мен жасап шығарушының атауы; ол бойынша қарулар (патрондар) жасалатын (сыналатын) нормативтiк құжаттың белгіленуi мен атауы; сынақ жүргiзген ұйым (зертхана); үлгiсiнiң түрлi-түстi фотосуретi; 2) шетелдiк өндiрiс шығарған: қару мен пайдаланатын патрондар моделiнiң (патрондар үлгісiнiң) атауы мен белгіленуi; қару мен патрондардың негізгі техникалық көрсеткiштерi; қару мен патрондарды жасап шығарушы елдiң және фирманың атауы; түрлi-түстi фотосуретi; сертификаттық сынақ жүргiзген орган (зертхана) (егер ол Қазақстан Республикасында жүргiзілген болса); Шетелдiк өндiрiстен шыққан қару мен патрондар туралы қосымша мәліметтер ретiнде қарудың жасалу нұсқалары, таңбалануы, сатушы-фирма, техникалық сипаттамасы және басқалар енгiзiлуi мүмкiн. Берілген басылым 2004 жылдың 1 қазанға дейiн сертификаттаудан өткен азаматтық және қызметтік қарудың үлгілерi мен оқтардың түрлерi туралы ақпараттан тұрады. Кадастр жыл сайын қайтадан басылып тұрады. Кадастрдың түпнұсқасы және бақылау даналары, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қарудың модельдерiн (патрондардың үлгілерiн) кадастрға енгізу туралы құжаттар мемлекеттік стандарт iстерiн сақтаудың ережелерiне сәйкес Мемстандартта сақталады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |